Сол уақытта шайтан олардың қылықтарын өздеріне әдемі көрсетті де: «Бүгін адамдардан сендерді жеңуші жоқ. Расында мен сендерге көмекшімін» деді. Екі топ бірін-бірі көргенде, теріс айналып: «Мен сендерден мүлде беземін.Өйткені, сендер көрмейтін нәрсені көремін. Алладан қорқамын. Алла қатты азап иесі.» деді.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Сол кезде шайтан оларға / мүшріктерге / :«Бүгін адамдардың ішінде сендерден үстем келуші жоқ. Шын мәнінде, мен сендер жақта боламын», - деп істерін көрікті етіп көрсетті. Екі топ бірін-бірі көрген кезде, / шайтан / теріс айналып: «Менің сендерге мүлдем қатысым жоқ. Мен сендер көрмейтінді көремін. Ақиқатында, мен Аллаһтан қорқамын. Аллаһ жаза беруде қатты», - деді.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي