(Құрметті айлар: Зылқағда, Зілхажжа, Мұхаррам және Режеп.) (Араптар жаћилиет заманында, соғысуға болмайтын құрметті айда соғысып, оның орнына басқа айда соғыспай орнын толтыратын болған.) Сөзсіз айды кешіктіру; қарсылықты арттыру. Сонымен кәпірлер жолдан шығарылады. Алланың арам еткен айының санын толтыру үшін; оны бір жыл арам етіп, бір жыл халал етеді. Сөйтіп Алланың арам еткенін халал етеді. Олардың жаман істері өздеріне әйбет көрсетілді. Алла, қарсы елді тура жолға салмайды.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Шын мәнінде, / айларды / кейінгежылжыту - күпірлік етуді / Аллаһқа қарсыкелуді / арттыра түседі. Күпірлік етушілер / имансыздар / - осы арқылы адастырылады. Аллаһ тыйым салған айлардың санын сәйкестендіру үшін, олар оны / кез келген айды / бір жылы халал / рұқсат етілген / етіп, бір жылы харам / тыйым салынған / етеді. Сөйтіп Аллаһтың харам еткенін халал етеді. Оларға істерінің жамандығы әдемі етіпкөрсетілді. Ал, Аллаһ кәпірлерді тура жолмен жүргізбейді.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي