Бірақ келісім жасасқан мүшріктерден кейін сендерге түк кемшілік істемесе, біреуге көмек етпесе; олардың келісімдерін мерзіміне дейін тамамдаңдар. Расында Алла тақуаларды жақсы көреді.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Тек мүшріктерден / Аллаһқа серікқосушылардан / сендермен келісім жасасып, кейін сендерге еш нәрседе нұқсан келтірмеген және сендерге қарсы ешкімге жақтасып көмектеспегендер басқа. Олардың келісімін мерзіміне дейін толық орындаңдар. Сөзсіз Аллаһ тақуаларды / Өзіне бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушыларды / жақсы көреді.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي