Және бәдеуилерден Аллаға, ақирет күніне сенетін, қаражат қылғандарын Алла қасында жақындық сондай-ақ Пайғамбардың ізгі тілектеріне сай деп есептейтін кісі де бар. Сақ болыңдар! Бұл шынайы бір жақындық. Алла оларды мәрхаметіне бөлейді. Расында Алла, аса жарылқаушы, ерекше мейірімді.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Әрі бәдәуилердің ішінде Аллаһқа және Ақирет күніне сенетіндер және жұмсағандарын / садақа, зекеттерін / Аллаһқа жақындатады деп санайтындар бар әрі Елшінің дұғасына да. Біліңдер, шын мәнінде, бүл оларды жақындатады. Аллаһ оларды Өз мейіріміне кіргізеді. Ақиқатында, Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي