سورة المدثر

الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد

ترجمة معاني سورة المدّثر باللغة الكازاخية من كتاب الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد

خليفة الطاي

الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد

خليفة الطاي

الناشر

مجمع الملك فهد

آية رقم 1
(Мұхаммед Ғ.С. алғаш Жебрейіл Ғ.С. ді көргенде қобалжып: "Жабыңдар, мені жабыңдар" деп жамылып жатады. Б.Ж.М.Р.) Әй жамылушы!
آية رقم 2
Түр енді! Адамдарға ескерт!
آية رقم 3
Раббыңды ұлықта!
آية رقم 4
Киіміңді тазала!
آية رقم 5
Әр түрлі лас істерден аулақ бол!
آية رقم 6
(Қылған ісіңді) көп міндет қылма.
آية رقم 7
Раббың үшін сабыр ет.
آية رقم 10
Негізінен қарсы келушілерге қолайсыз. (Құрайш руынан Мұғайяра ұлы Уәлит Құранды әсерлі жады деген. Б.Ж.Р.М.Х.Т.)
آية رقم 11
Мен жалғыз жаратқан кісіні өзіме таста.
آية رقم 13
Әзір тұратын ұлдар бердім.
آية رقم 14
Оның жағдайын кеңітіп, ықпалын арттырдым.
آية رقم 15
Сосын тағы да арттыра түсуімді үміт етті.
آية رقم 16
Әсте болмайды. Өйткені ол, қасарысқан еді.
آية رقم 17
Жақында оны өрге зорлаймын.
آية رقم 18
Өйткені ол, ойластырып, шамалады.
آية رقم 19
Сосын ол өлгір, қалай шамалады?
آية رقم 20
Содан кейін ол жаны шыққыр, қайтып мөлшерледі?
آية رقم 21
Сосын ол, қарады.
آية رقم 22
Содан кейін ол, қабағын шытып, томсарды.
آية رقم 23
Сосын ол, теріс айналып паңданды.
آية رقم 24
Сонда ол: "Бұл, үйретіліп келе жатқан бір сиқыр" деді.
آية رقم 26
Оны жағатын тозаққа саламын.
آية رقم 27
Ол тозақтың не екенін қайдан білдің?
آية رقم 28
Кейін қалдырмайды да шала тастамайды.
آية رقم 29
Ол, адам терісін өртеп кетеді.
آية رقم 30
Оған он тоғыз (періште) қарайды.
Тозақтың күзетшілерін періштелерден ғана қылдық. Сондай-ақ олардың сандарын қарсы келушілерге анық бір сынау қылдық... Өздеріне кітап берілгендер, сенсін. (Олардың кітаптарында да он тоғыз жазылған. Б.Ж.М.) Әрі иман келтіргендердің сенімдері арта түссін. Кітап иелерімен мүміндер күмәнданбасын. Сондай-ақ жүректерінде дерті болғандар мен қарсы болғандар: "Алла, бүл мысалмен нені қалайды?",- десін. Осылайша Алла, қалағанын адастырып және кімді қаласа, тура жолға салады. Раббың жасақтарының санын өзі ғана біледі. Бұл адамдар үшін бір насихат.
آية رقم 32
Жоқ олай емес. Айға серт,
آية رقم 33
Қайтқан сәтте, түнге серт,
آية رقم 34
Ағарған сәтте, таңға серт.
آية رقم 35
Шын мәнінде ол тозақ, әрине ірі уақиғаның бірі.
آية رقم 36
Адамдар үшін ескерту.
آية رقم 37
Сендерден ілгері кетуді немесе кейін қалуды қалаған біреулер үшін ескерту.
آية رقم 38
Әркім істеген ісінің орнына ұсталады. (52-С.21-А.)
آية رقم 39
Бірақ ғамал дәптері оңынан берілгендер басқа. (56-С. 27-А.)
آية رقم 40
Олар жаннаттарда сұрасады!
آية رقم 41
Қылмыстылардан;
آية رقم 42
"Сендерді тозаққа кіргізген не нәрсе?"
آية رقم 43
Олар: "Біз намаз оқушылардан емес едік."
آية رقم 44
"Әрі міскінді тамақтандырмайтын едік."
آية رقم 45
"Бұзықтыққа кірісушілермен бірге кірісіп жүрген едік."
آية رقم 46
"Қиямет күнін өтірік деген едік."
آية رقم 47
"Өзімізге өлім келгенге дейін (жалғаса берді" дейді.)
آية رقم 48
Сонда оларға шапағатшылардың шапағаты пайда бермейді.
آية رقم 49
Ал оларға насихаттан жалтаратын не болды?
آية رقم 50
Олар мүлде үріккен құлан сияқты;
Жоқ, олардан әрбіреуі өзіне бір ашық нұсқа берілуін қалайды.
آية رقم 54
Олай емес. Шын мәнінде Құран бір насихат.
آية رقم 55
Кім қаласа, одан үгіт алады.
Алла қаламайынша, олар, үгіт ала алмайды. Ол Алла, қорқылуға лайық, жарылқау иесі.
تقدم القراءة