سورة الذاريات

الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد

ترجمة معاني سورة الذاريات باللغة الكازاخية من كتاب الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد

خليفة الطاي

الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد

خليفة الطاي

الناشر

مجمع الملك فهد

آية رقم 1
Соғып ұшырушы желдерге,
آية رقم 2
Мол жаңбыр көтеруші бұлттарға,
آية رقم 3
Жеңіл жүруші кемелерге,
آية رقم 4
Істі бөлуші періштелерге серт!
آية رقم 5
Шын мәнінде сендерге уәде етілген қиямет әрине рас.
آية رقم 6
Әлбетте қиямет болады.
آية رقم 7
Жолдары бар аспанға серт!
آية رقم 8
Қүмәнсыз сендер талас-тартыс сөздесіңдер.
آية رقم 9
Шындықтан бұрылған бұрылады.
آية رقم 10
Ой жорушылар құрысын.
آية رقم 11
Міне солар, білімсіздік ішінде жаңылуда.
آية رقم 12
Олар: "Қиямет қашан" деп сұрайды.
آية رقم 14
Оларға: "Азаптарыңды татыңдар! Асығып, тілегендерің осы" (делінеді.)
آية رقم 15
Шәксіз тақуалар бақшаларда, бұлақтарда болады.
Олар, өздеріне Раббыларының бергенін алады. Өйткені олар, бұдан бұрын жақсылық істеуші еді.
آية رقم 18
Олар таң сәрілерде жарылқану тілеуші еді.
آية رقم 19
Олардың малдарында; сұрағанға да сұрамағанға да тиесі бар.
آية رقم 20
Жер жүзінде нак сенушілерге дәлелдер бар;
آية رقم 21
Сондай-ақ өздеріңде де бар. Көрмейсіңдер ме?
آية رقم 22
Сендердің несібелерің әрі уәде етілген нәрселер көкте.
Көк пен жердің Раббына серт. Штбәсыз бұл, сендердің сөйлегендерің сияқты рас. (Бір-біріңе сөйлеген сөздерің қандай рас болса, сондай рас.)
آية رقم 24
(Мұхаммед Ғ.С.) саған Ыбырайым (Ғ.С.) нық ардақты қонақтарының (періштелердің) әңгімесі келді ме?
Олар Ыбырайым (Ғ.С.) ға кіргенде: "Сәлем" десті. Ыбырайым (Ғ.С.) да оларға: "Сәлем, бөгде қауым" деді. (11-С. 69-А., 15-С. 50-А.)
آية رقم 26
Дереу үйіне барып, семіз бір бұзау әкелді.
آية رقم 27
Оны оларға жақындатып: "Жемейсіңдер ме?",-деді.
Олардан тіксініп, қорықты. Олар: "Қорықпа!",- деді де оны білгіш бір ұлмен куантты.
Сонда Ібырайым (Ғ.С.) ның жұбайы, алдына ойбайлап келіп, өз бетін ұрды да: "Баладан қалған бір кемпірмін" деді.
Олар: "Осылайша Раббың бұйырды. Өйткені Ол, аса дана, толық білуші" десті.
آية رقم 31
(Ыбырайым Ғ.С.): "Әй елшілер! Бұйымтайларың не?",- деді.
آية رقم 32
"Шынында біз қылмысты бір елге жіберілдік."
آية رقم 33
"Оларға балшықтан пісірілген тас жаудыру үшін!"
آية رقم 34
"Раббық тарапынан, шектен шығушылар үшін белгіленген" (деді.)
آية رقم 36
Дегенмен ол жерде Мұсылманнан бір үйден басқа таппадық. (Лұт Ғ.С. мен екі қызы. Ж.) (29-С. 30-А.)
آية رقم 37
Ол арада күйзелтуші азаптан қорқушылар үшін бір ғибрат қалдырдық.
آية رقم 38
Мұсада да (ғибрат) бар. Оны ашық мұғжизалармен жіберген уақытта:
آية رقم 39
Перғауын сыбайластарымен теріс айналып: "Жады немесе жынды" деді.
آية رقم 40
Сондықтан оны әрі ләшкерлерін қолға алып, оны өзіне сөгіс берген түрде теңізге тастадық.
آية رقم 41
Ғад елінде де (ғибрат) бар. Сол уақытта оларға зиянды қатты дауыл жібердік;
آية رقم 43
Сәмұд елінде де (ғибрат) бар. Сол уақытта оларға: "Бір мерзімге дейін пайдалана тұрыңдар" делінді.
آية رقم 44
Сонда олар , Раббыларының әміріне қарсы келді. Сондықтан олар, қарап түрғанда нажағай түсті.
آية رقم 45
Сонда олардың тұруга да шамалары келмеді әрі жәрдем де көрмеді.
آية رقم 47
Аспанды құдыретімізбен жасадық. Шын мәнінде күшіміз жетеді.
آية رقم 48
Сондай-ақ жерді төседік. Недеген жақсы төсеушіміз.
آية رقم 49
Түсінулерің үшін әр нәрсені пар-парымен жараттық. (36-С. 36-А.)
(Мұхаммед Ғ.С. оларға): "Алла жаққа жүгіріңдер. Сөзсіз мен, Оның тарапынан сендерге ашық ескертушімін" (де.)
"Алламен бірге басқа тәңір қылмаңдар. Шын мәнінде сендерге ашық өскертушімін" (де.)
Міне осылайша олардан бұрынғылар да пайғамбар келгенде, оларды: "Мұлде жады немесе жынды" деген.
آية رقم 53
Олар бұл жөнде өзара келіскен бе? Жоқ, олар шектен шыққан қауым.
آية رقم 54
(Мұхаммед Ғ.С.) олардан бет бұр. Сонда сөгіске ұшырамайсың.
آية رقم 55
Үгітте! Өйткені үгіт мүміндерге пайда береді.
آية رقم 56
Жын мен адамзатты өзіме құлшылық қылулары үшін ғана жараттым.
Олардан бір несібе тілемеймін әрі олардың Мені тамақтандыруларын да қаламаймын.
آية رقم 58
Шүбәсыз Ол Алла, ризықтандырушы және мықты күшке ие.
Сөз жоқ. Сондай зұлымдық қылғандардың, жолдастарының күнәлары тәрізді күнәлары бар. Сондықтан Менен асығып тілемесін.
آية رقم 60
Өздеріне уәде етілген күнге қарсы келгендерге нендей өкініш!
تقدم القراءة