ترجمة معاني سورة الدّخان باللغة الكازاخية من كتاب الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
خليفة الطاي
آية رقم 1
ﭑ
ﭒ
Ха. Мим.
آية رقم 2
ﭓﭔ
ﭕ
Ашық баян етуші Құранға серт.
آية رقم 3
Шын мәнінде оны құтты бір кеште түсірдік. Расында Біз ескертушіміз. (97-С. 1-А.)
آية رقم 4
ﭠﭡﭢﭣﭤ
ﭥ
Ол кеште барлық хикметті істер айрылады.
آية رقم 5
Бұл өз қасымыздан бір бұйрық. Расында елшілерді жіберушіміз.
آية رقم 6
(Мұхаммед Ғ.С.) Раббыңның игілігі. Күдіксіз Ол, әр нәрсені естуші, толық білуші.
آية رقم 7
Егер анық сенетін болсаңдар, көктер мен жердің әрі екі арасындағылардың Раббы.
آية رقم 8
Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Тірілтеді, өлтіреді. Сендердің де Раббыларың, бұрынғы аталарыңның да Раббы.
آية رقم 9
ﮍﮎﮏﮐﮑ
ﮒ
Бірақ олар, бір күдік ішінде ойнауда.
آية رقم 10
ﮓﮔﮕﮖﮗﮘ
ﮙ
(Мұхаммед Ғ.С.) ендеше аспанның бір ашық түтін келтіретін күнін күт. (Қуаншылықтан аш қалған елдің көздері бүлдырап, жер, көктің бүлыңғыр көрінетін күні. Немесе қиямет белгілері түрінде қаптайтын қара түнек. Б.Ж.М.К.Р.)
آية رقم 11
ﮚﮛﮜﮝﮞﮟ
ﮠ
Адамдарды қаптап алады; Бүл жан түршігерлік азап.
آية رقم 12
ﮡﮢﮣﮤﮥﮦ
ﮧ
Олар: "Раббымыз! Бізден бұл азапты айықтыр. Шынында иман келтіргенміз."
آية رقم 13
Оларға үгіт алу қайда? Расында оларға ашық түсіндіруші бір Пайғамбар келген.
آية رقم 14
ﮰﮱﯓﯔﯕﯖ
ﯗ
Сосын олар одан бұрылды да: "Үйретілген бір жынды" деді.
آية رقم 15
Расында бейнетті біраз айықтырамыз. Дау жоқ! Сендер қайталайсыңдар.
آية رقم 16
ﯠﯡﯢﯣﯤﯥ
ﯦ
Өте қатты ұстаумен ұстаған күні, әрине тиісті жазасын береміз.
آية رقم 17
Расында бұлардан бұрын Перғауын елін де сынаған едік. Оларға ардақты пайғамбар келген.
آية رقم 18
"Алланың құлдарын маған тапсырыңдар. Өйткені мен сендерге сенімді бір Пайғамбармын" деді.
آية رقم 19
"Аллаға астамшылық қылмаңдар. Шын мәнінде сендерге ашық дәлелмен келдім."
آية رقم 20
ﭜﭝﭞﭟﭠﭡ
ﭢ
"Күдіксіз мен сендердің таспен атуларыңнан Раббыма және сендердің де Раббыларың (Аллаға) сиындым."
آية رقم 21
ﭣﭤﭥﭦﭧ
ﭨ
"Егер маған иланбасаңдар, менен аулақ болыңдар."
آية رقم 22
ﭩﭪﭫﭬﭭﭮ
ﭯ
Сонда (Мұса Ғ.С.): "Бұлар қылмысты ел" деп, Раббына жалбарынды.
آية رقم 23
ﭰﭱﭲﭳﭴ
ﭵ
(Алла Т.): "Құлдарымды түнде алып кет. Сөз жоқ, арттарыңа қуғыншы түседі."
آية رقم 24
"(Теңізден өтіп алғаннан кейін) теңізді ашық қойып қой. Өйткені олар суға бататын ләшкер!
آية رقم 25
ﭾﭿﮀﮁﮂ
ﮃ
Олар қаншалаған бақшалар, бұлақтар қалдырды;
آية رقم 26
ﮄﮅﮆ
ﮇ
Қаншалаған егіндер, көркем мекендерді де.
آية رقم 27
ﮈﮉﮊﮋ
ﮌ
Сондай-ақ ішінде қарқ болып кенелген дәулеттерді де.
آية رقم 28
ﮍﮎﮏﮐﮑ
ﮒ
Осылайша оларға басқа бір елді мұрагер қылдық.
آية رقم 29
Сонда оларға көк те жер де жыламады. Әрі олар тостырылмады. (Оларға қайғырған да болмады және мұрса да берілмеді.Б.)
آية رقم 30
Расында Израил ұрпақтарын қорлаушы бейнеттен құтқардық;
آية رقم 31
Перғауыннан. Өйткені ол, тым шектен шығушылардан еді.
آية رقم 32
ﮭﮮﮯﮰﮱﯓ
ﯔ
Расында Израил ұрпақтарын біле тұра әлемге ықпалды қылдық.
آية رقم 33
Сондай-ақ оларға мұғжизалар бердік. Онда ашық сынау бар еді.
آية رقم 34
ﯝﯞﯟ
ﯠ
Күдіксіз олар, бүйдейді:
آية رقم 35
"Бізге осы алғашқы өлімнен басқа түк жоқ. Сондай-ақ біз қайта тірілмейміз;"
آية رقم 36
ﯪﯫﯬﯭﯮ
ﯯ
"Мүбада рас айтушы болсаңдар, аталарымызды алып келіңдерші;"
آية رقم 37
(Мұхаммед Ғ.С.) олар артық па? Немесе Тұббағ елі ме? Олардан бұрынғы елдер ме? Оларды да жоқ еттік. Өйткені олар қылмысты еді.
آية رقم 38
Көктерді де жерді де әрі екі арасындағы нәрселерді де ойыншық қып жаратпадық.
آية رقم 39
Екеуін хақиқат бойынша жараттық. Бірақ олардың көбі білмейді.
آية رقم 40
ﭑﭒﭓﭔﭕ
ﭖ
Расында олардың бір араға жиналатын билік күні.
آية رقم 41
Ол күні достың досқа еш пайдасы болмайды әрі оларға жәрдем етілмейді.
آية رقم 42
Бірақ Алла мәрхамет еткен кісі ғана пайдалана алады. Күдіксіз Ол Алла, тым үстем, ерекше мейірімді.
آية رقم 43
ﭫﭬﭭ
ﭮ
Шынында заққүм ағашы; (23-С. 62-А.)
آية رقم 44
ﭯﭰ
ﭱ
Күнәкарлардың тамағы.
آية رقم 45
ﭲﭳﭴﭵ
ﭶ
Балқыған кен сияқты қарындарында қайнайды.
آية رقم 46
ﭷﭸ
ﭹ
Қайнаған су құсаған."
آية رقم 47
ﭺﭻﭼﭽﭾ
ﭿ
"Оны ұстаңдар да сүйретіп, тозақтың ортасына тастаңдар."
آية رقم 48
"Сосын басының үстіне азап ретінде қайнар су қойыңдар."
آية رقم 49
ﮈﮉﮊﮋﮌ
ﮍ
"(Азапты) тат. Расында сен өзіңше үстем, құрметті едің."
آية رقم 50
ﮎﮏﮐﮑﮒﮓ
ﮔ
"Шынында күдіктенген нәрселерің осы."
آية رقم 51
ﮕﮖﮗﮘﮙ
ﮚ
Шын мәнінде тақуалар аман бір орында болады;
آية رقم 52
ﮛﮜﮝ
ﮞ
Бақшаларда бұлақтарда,
آية رقم 53
ﮟﮠﮡﮢﮣ
ﮤ
Жұқа қалың жібектер киіп, ерсілі-қарсылы отырады.
آية رقم 54
ﮥﮦﮧﮨ
ﮩ
Осы сияқты, сондай-ақ оларды бота көз хұрлармен үйлендіреміз.
آية رقم 55
ﮪﮫﮬﮭﮮ
ﮯ
Ол жерде бейбіт түрде әр түрлі жемісті сұрай алады.
آية رقم 56
Ол жерде дүниедегі алғашқы өлімнен басқа ешбір өлім татпайды. Алла оларды тозақтың азабынан сақтаған.
آية رقم 57
Раббыңнан кеңшілік, міне осы зор қол жеткендік.
آية رقم 58
ﯦﯧﯨﯩﯪ
ﯫ
(Мұхаммед Ғ.С.) шын мәнінде олардың үгіт алулары үшін Құранды сенің тіліңнен ғана оңайластырдық.
آية رقم 59
ﯬﯭﯮ
ﯯ
Нәтижені сен де күт. Расында олар да күтуде.
تقدم القراءة