ترجمة معاني سورة فصّلت باللغة الكازاخية من كتاب الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
خليفة الطاي
آية رقم 1
ﭑ
ﭒ
Хә. Мим.
آية رقم 2
ﭓﭔﭕﭖ
ﭗ
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алла тарапынан түскен.
آية رقم 3
Бұл Кітап, білген ел үшін аяттары ашық-ашық баян етілген арапша Құран.
آية رقم 4
Қуандырушы, қорқытушы. Алайда олардың көбі жалтарады. Сондықтан олар құлақ салмайды.
آية رقم 5
(Мұхаммед Ғ.С.) олар: "Сен бізді шақырған нәрсеге жүрегімізде бір перде құлақтарымызда бір кереңдік бар. Сондай-ақ біз бен сенің арамызд; далда бар. Сондықтан сен өзіңше істе де біз өзімізше істейік" деді.
آية رقم 6
(Мұхаммед Ғ.С.): "Мен де сендер сияқты ғана адаммын. Маған Тәңірлерің бір-ақ Тәңір екендігі уахи етілуде. Сондықтан сол бағытқа жөнеліңдер әрі Одан жарылқау тілеңдер. Аллаға серік қосқандарға нендей өкініш" де.
آية رقم 7
Сондай зекеттерін өтемегендер солар; өздері ахиретке де қарсы.
آية رقم 8
Расында иман келтіріп, ізгі істегендер, олар үшін таусылмайтын сыйлық бар.
آية رقم 9
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Сендер жерді екі күнде жаратқанға қарсы келесіңдер ме? Сондай-ақ Оған теңеулер жасайсыңдар ма? Бүл бүкіл әлемнің Раббы" де.
آية رقم 10
Жерге үстінен асқар таулар жаратты да құт-береке қойып, же жүзіндегілердің ризықтарын төрт күнде шамалады. Бұл сұраушыла үшін тура жауап.
آية رقم 11
Сосын көкке жөнелді. Ол, бір түтін еді. Сонд оған әрі жерге: "Екеуіңде ерікті немесе еріксіз түрде келіңдер" деді. Екеуі де: "Бой ұсынған түрде келдік" деді. (30-С. 31-А.)
آية رقم 12
Оларды жеті көк етіп, екі күнде жасады. Сондай-ақ әр көктің міндетін өзіне білдірді. Жақын көкті жұлдыздармен әшекейледік әрі ,қорғауға алдық. Осы тым үстем, толық білуші Алланың тақдыры. Басқа: 7-С. 54-А. 10-С. 3-А. 11-С.-А. 25-С. 59-А. 32-С. 4-А. 50-С. 8-А. 57-С. 4-А. болып, жеті жерде жер, көк бүкіл әлемнің алты күнде жаратылғандығы баян етіледі. Бірақ Алланың қасында бір күн елу мың жыл.70-С. 4-А.)
آية رقم 13
(Мұхаммед Ғ.С.) олар бет бұрса: "Сендерге Ғад, Сәмүд елінің басына келген нажағай сияқты апатты ескертемін" де.
آية رقم 14
Сол уақытта оларға ілгері кейін елшілер келіп: "Аллаға ғана құлшылық қылыңдар" дегенде, олар: "Егер Раббымыз қаласа, әлбетте періштелер түсірер еді. Расында біз сендер арқылы жіберілген нәрсеге қарсымыз" деді.
آية رقم 15
Сонда Ғад елі жер жүзінде орынсыз өздерін жоғары санап: Бізден артық күшті кім бар?",-деген еді. Олар өздерін жаратқан Алланың олардан көрі күштірек екендігін білмеді ме? Олар, аяттарымызға қарсы келді.
آية رقم 16
Оларға дүниеде қорлық азабын таттыруымыз үшін өздеріне сәтсіз күндерде суық дауыл жібердік. Әрине ахирет азабы одан да қорлаушы. Оларға көмек етілмейді.
آية رقم 17
Ал енді Сәмүд еліне келсек, оларға тура жол көрсеттік; бірақ олар туралықтан көрі көзсіздікті жақсы көрді. Сондықтан оларды қылықтарының салдарынан қорлық азабының нажағайы қолға алды.
آية رقم 18
ﯬﯭﯮﯯﯰ
ﯱ
Сондай иман келтіріп, сақсынғандарды құтқардық.
آية رقم 19
Сол күні Алланың дұшпандары тозаққа айдалуға жиналып, сонда олар алды-артын тосады.
آية رقم 20
Ақыр олар оған барған кезде; оларға құлақтары, көздері және терілері олардың не істегендеріне айғақ болады. (36-С. 25-А.)
آية رقم 21
Олар терілеріне: "Не үшін бізге куә болдыңдар?",- дейді. (Терілері): "Бізді әр нәрсені сөйлеткен Алла сөйлетті; сендерді алғаш рет жаратқан және Сол жаққа қайтарыласыңдар" деп жауап береді.
آية رقم 22
Сендер өздеріңе құлақтарың, көздерің және терілерің айғақ болады деп жасырынбаушы едіңдер. Тіпті Алла, істегендеріңнің көбін білмейді деп ойлаушы едіңдер.
آية رقم 23
Міне осы Раббыларың туралы ойлаған ойларың, өздеріңді жойды да сонда зиянға ұшыраушылардан болдыңдар.
آية رقم 24
Егер олар, енді шыдайтын болса, олардың орны от. Олар, кешірім тілесе де қабыл етілмейді.
آية رقم 25
Оларға сыбайластар қостық. (Шайтандарды ерікті қылдық. Б.М.) Сонда оларға алды-артындағы нәрселерді әдемі көрсетті. Сондықтан бұлардан бұрын өткен, жын және адам баласынан болған елдерге берілген азап әмірі бұлардың басына да келді. Өйткені олар, зиянға ұшыраушылардан еді.
آية رقم 26
Және қарсы келушілер: "Бұл Құранды тыңдамаңдар, оқылғанда шуылдаңдар. Бәлкім жеңіске ие боларсыңдар" десті.
آية رقم 27
Әрине қарсы қелгендерге қатты азап таттырамыз. Сондай-ақ істеген жамандықтарының сазайын береміз.
آية رقم 28
Міне осы Алланың дұшпандарының сазайы от. Олар үшін онда мәңгілік орын бар. Аяттарымызға қарсы келгендердің жазасы (осы).
آية رقم 29
Қарсы болғандар: "Раббымыз! Жыннан да адамдардан да бізді адастырғандарды көрсет! Оларды табандарымыздың астына салайық. Ең төмендегілерден болсын" дейді.
آية رقم 30
Расында: "Раббымыз Алла" деп, сосын мықты тұрғандар, оларға періштелер түседі де: "Қорықпаңдар, кейімеңдер! Сендерге уәде етілген жаннат арқылы қуанышқа бөленіңдер" дейді.
آية رقم 31
"Біз, дүние тіршілігінде де ақиретте де достарыңбыз. Сендерге ол жаннатта көңілдерің көксеген нәрселер бар. Сондай-ақ сендерге не тілесеңдер бар."
آية رقم 32
ﭷﭸﭹﭺ
ﭻ
Бұл аса жарылқаушы, тым мейірімді Алла тарапынан бір сыйлық.
آية رقم 33
"Шын! Мен Мұсылмандарданмын." деп, Аллаға шақыра отырып ізгі іс істеген кісіден сөз тұрғысынан жақсы кім бола алады?
آية رقم 34
Жақсылық пен жамандық тең емес. Жамандықты ең көркем түрде жолға сал. (Жамандыққа қарсы жақсылық қыл.) Сол уақытта сені мен екеуің араңда дұшпандық болған біреу, өте жақын достай болып кетеді.
آية رقم 35
Бұл қасиет; сабыр еткендерге ғана нәсіп болады. Сондай-ақ бұл сипатқа зор несібелілер ғана ие бола алады.
آية رقم 36
Ал енді сені шайтаннан бір түлен түртсе, сонда Аллаға сиын. Өйткені, Ол әр нәрсені толық естуші, білуші.
آية رقم 37
(Сәжде бар.) Түн мен күндіз және күн мен ай Алланың дәлелдерінен. Күнге де айға да сәжде қылмаңдар. Оларды жаратқан Аллаға сәжде қылыңдар; егер Оған құлшылық қылатын болсаңдар.
آية رقم 38
(Мұхаммед Ғ.С.) егер олар тәкаппарланса, Раббыңның қасындағылар, (періштелер) Оны, күндіз-түні дәріптеуден жалықпайды.
آية رقم 39
(Мұхаммед Ғ.С.) расында жердің құрғап қалғанын көресің. Сонда Біз оған жаңбыр жаудырған мезгілде құлпырып көпсуі Алланың дәлелдерінен. Күдіксіз оны тірілткен Алла, өліктерді де тірілтеді. Өйткені Оның әр нәрсеге толық күші жетуші.
آية رقم 40
Шын мәнінде сондай аяттарымызда бұрмалаушылық жасағандар, Бізге жасырын емес. Ендеше отқа тасталған біреу жақсы ма? Немесе қиямет күні аман-есен келген біреу жақсы ма? Қалағандарыңды істеңдер. Сөзсіз Алла, не істегендеріңді толық көруші.
آية رقم 41
Расында өздеріне Құран келген кезде, қарсы болғандар бар. Шын мәнінде ол, ардақты бір Кітап.
آية رقم 42
Оның алдынан да артынан да бос сөз келмейді. (араласпайды.) Аса дана, өте мақтаулы Алла тарапынан түсірілген.
آية رقم 43
(Мұхаммед Ғ.С.) саған сенен бұрынғы елшілерге айтылған ғана айтылды. Күдіксіз Раббың жарылқау әрі күйзелтуші азап иесі.
آية رقم 44
Мүбада оны бөгде тілде бір Құран қылсақ, әлбетте олар: "Аяттары неге ашық баян етілмеген? Арапқа бөгде тілде айтыла ма?",- дер еді. "Ол Құран иман келтіргендерге бір тура жол және шипа" де. Ал иман келтірмегендердің құлақтарында кереңдік бар. Сондай-ақ Құран оларға бір соқырлық. (Қараңғылық.) Олар ұзақ бір жерден шақырылғандай.
آية رقم 45
Расында Мұса (Ғ.С.) ға кітап бердік. Сонда ол туралы да таласылды. Раббыңнан алдын ала бір үкім болмаса еді, әріне араларында іс біткен болар еді. Анығында олар, шәк ішінде одан күдіктенуде.
آية رقم 46
Кім ізгі іс істесе, сонда өзі үшін. Ал кім жамандық істесе де өзіне тән. Раббың құлдарына зұлымдық істеуші емес.
آية رقم 47
Қиямет мезгілінің мәліметі Аллаға тән. Оның білуінен тыс, жемістердің ешбірі қауашағынан шықпайды. Және ешбір ұрғашы жүкті болмайды да тумайды. Оларға: "Менің ортақтарым қайда?",- деп сұралған күні, олар: "Саған ұсындық; бізден оған куә болушы жоқ" дейді.
آية رقم 48
Бұрынғы шоқынғандары олардан ғайып болды. Өздерінің қашар жерлері болмағанын түсінді.
آية رقم 49
Адам баласы жақсылық тілеуден жалықпайды да егер оған бір жамандық душар болса, сонда мүлде күдер үзіп, үмітсізденеді.
آية رقم 50
Ал егер оған шалдыққан бейнеттен кейін өзіне жанымыздан мәрхамет етсек: "Бұл менің ақым; тіпті қиямет-қайым боларын да ойламаймын" дейді. Мүбада Раббыма қайтарылсам да сөзсіз мен үшін Оның жанында тағы жақсырағы бар" дейді. Әлбетте осындай қарсы болғандардың не істегендерін түсіндіреміз. Сондай-ақ оларға азаптың ауырын таттырамыз.
آية رقم 51
Қашан адам баласына бір нығмет берсек, бет бұрады да өз жағына қыңыраяды. Қашан оған бір сұмдық душар болса, сонда ол, көлемді түрде жалбарынады.
آية رقم 52
(Мұхаммед Ғ.С.): "Көрдіңдер ме? Я, осы Құран Алланың қасынан келген болып, сосын оған қарсы келсеңдер, ол ұзақ қайшылыққа түскен біреуден артық адасқан кім бола алады?"
آية رقم 53
Құранның мүлде шын екендігі айқындалғанға дейін әлемдегі және өздеріндегі белгілерімізді жедел көрсетеміз. Расында Раббыңның әр нәрсеге куә екендігі саған жеткілікті емес пе?
آية رقم 54
Абайландар! Расында олар Раббыларына жолығудан күдіктенуде. Көңіл бөліңдер. Әрине Алла әр нәрсені толық меңгеруші.
تقدم القراءة