سورة المعارج

الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد

ترجمة معاني سورة المعارج باللغة الكازاخية من كتاب الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد

خليفة الطاي

الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد

خليفة الطاي

الناشر

مجمع الملك فهد

آية رقم 1
Бір сұраушы, болатын бір азапты сұрады. (8-С. 32-А.)
آية رقم 2
Кәпірлер үшін; оны кетіруші жоқ.
آية رقم 3
Ол азап биік дәреже иесі Алладан.
Ол жоғаргы орынға періштелер және Жебрейіл (Ғ.С.) мөлшері елу мың жылдық бір күнде шығады.
آية رقم 5
(Мұхаммед Ғ.С.) енді көркем сабырмен сабыр ет.
آية رقم 6
Олар қияметті ұзақ көреді.
آية رقم 7
Біз жақын көреміз.
آية رقم 8
Ол күні, аспан еріген кен сияқты болады.
آية رقم 9
Таулар, түтілген жүндей болады.
آية رقم 10
Дос, достың халін сұрамайды.
Олар бір-біріне көрсетіледі. Қылмысты, сол күні, ұлдарын ол күннің азабынан (қорқып) төлеуге бергісі келеді;
آية رقم 12
Әйелін де туысын да;
آية رقم 13
Сондай-ақ өзін мәпелеген елін де.
آية رقم 14
Тіпті біртұтас жер жүзіндегі адамдарды беріп, сонан соң өзін құтқарғысы келеді.
آية رقم 15
Әсте олай болмайды! Шын мәнінде ол тозақ, жалындаған от:
آية رقم 17
Ол теріс айналып, бет бұрғанды шақырады.
آية رقم 18
Дәулет жинап сақтаған (сараң) ды шақырады.
آية رقم 19
Шын мәнінде адам баласы сабырсыз жаратылған.
آية رقم 20
Басына бір бейнет жетсе, тым төзімсіз.
آية رقم 21
Қашан қолына дәулет түссе, өте сараң.
آية رقم 22
Бірақ намаз оқушылар басқа.
آية رقم 23
Олар сондай намаздарын ұдайы орындайды.
آية رقم 24
Сондай олардың малдарында белгілі хақ бар:
آية رقم 25
Сұрағанға да сұрамағанға да. (51-С. 19-А.)
آية رقم 26
Тағы сондай қиямет күнін растағандар.
آية رقم 27
Сондай-ақ олар, Раббыларының азабынан қорқушылар.
آية رقم 28
Шын мәнінде Раббының азабы аман қалатын нәрсе емес.
آية رقم 29
Сондай ұятты жерлерін сақтағандар.
Бірақ өз әйелдері немесе қолдарындағы күңдері басқа. Расында оларға сөгіс жоқ.
آية رقم 31
Ал сонда кім бұлардан басқаны іздесе, міне сонда олар шектен шығушылар.
آية رقم 32
Тағы олар сондай аманаттарын, уәделерін сақтаушылар.
آية رقم 33
Және олар, куәліктерінде бекем тұрушылар.
آية رقم 34
Әрі сондай олар намаздарына ұқыптылық істегендер.
آية رقم 35
Міне солар бейіштерде құрметке бөленетіндер.
آية رقم 36
(Мұхаммед Ғ.С.) ал енді сен жаққа мойындарын созып, жүгірген кәпірлерге не болды?
آية رقم 39
Әсте олай емес! Расында Біз оларды өздері білген нәрседен (бір тамшы нәжіс судан) жараттық.
آية رقم 40
Енді шығыстардың батыстардың Раббына серт! Шын мәнінде әр нәрсеге күшіміз жетеді.
آية رقم 41
Олардың орнына олардан жақсыны ауыстыра аламыз. Сондай-ақ ешкім Бізден оза алмайды.
آية رقم 42
(Мұхаммед Ғ.С.) ендеше оларды қойып қой; оларға уәде етілген күнге дейін сүңгіп ойнай тұрсын.
Сол күнде олар қабырларынан тез шығып, тігулі көмбеге жүгіргендей жүгіреді.
Олардың көздері төмен қарап, өздерін қорлық басады. Міне осы, оларға уәде етілген күн.
تقدم القراءة