سورة العلق

الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد

ترجمة معاني سورة العلق باللغة الكازاخية من كتاب الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد

خليفة الطاي

الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد

خليفة الطاي

الناشر

مجمع الملك فهد

آية رقم 1
Сондай жаратқан Раббыңның атымен оқы!
آية رقم 2
Ол,адам баласын ұйыған қаннан жаратқан.
آية رقم 3
Оқы!Ол Раббың аса ардақты.
آية رقم 4
Сондай қаламмен үйреткен.
آية رقم 5
Ол,адамзатқа білмеген нәрселерін үйреткен.
آية رقم 6
Сөз жоқ,адам баласы әрине азады;
آية رقم 7
Ол,өзін мұңсыз көргендіктен.
آية رقم 8
Шын мәнінде қайту Раббың жақ.
آية رقم 9
Көрдің бе,сондай тыйым салғанды;
آية رقم 10
Бір құл намаз оқыған сәтте.(Әбу Жаһіл: «Мұхаммед намаз оқыса,басын мылжалаймын» деген екен.Б.Ж.К.М.Р)
آية رقم 11
Көрдің бе?Егер ол (Мұхаммед Ғ.С) тура жолда болса да,
آية رقم 12
Немесе тақуалықты бұйырған болса да.
آية رقم 13
Көрдің бе,егер ол (адам,хақты) өтіріксініп,бет бұрған болса?
آية رقم 14
Негізінен Алланың көріп тұрғанын білмез ме?
آية رقم 15
Жоқ,егер ол,бұдан тыйылмаса,әлбетте кекілінен сүйрейміз;
آية رقم 16
Өтірікші,күнәкардың кекілінен.
آية رقم 17
Сонда ол,сыбайлатарын шақырсын.
آية رقم 18
Дереу тозақтың басқарушыларын шақырамыз.
آية رقم 19
Олай емес,(Мұхаммед Ғ.С) оған бағынба,Аллаға сәжде қыл,жақында!
تقدم القراءة