ترجمة معاني سورة مريم باللغة الكازاخية من كتاب الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
خليفة الطاي
آية رقم 1
ﭑ
ﭒ
Кәф. Һә. Йа. Аин. Сад.
آية رقم 2
ﭓﭔﭕﭖﭗ
ﭘ
(Мұхаммед Ғ.С.) Бұл Раббыңның құлы Зәкеря (Ғ.С.) ға мәрхаметінің естелігі.
آية رقم 3
ﭙﭚﭛﭜﭝ
ﭞ
Ал бір заманда ол, Раббына қүпия дауыспен жалбарынған еді.
آية رقم 4
"Раббым! Сүйегім қаусап, басым ағарған. Дегенмен саған қойған тілегім, босқа кетпеген еді" деді.
آية رقم 5
"Шынында мен өзімнен кейінгі жақындарымнан (мұрагер бола алмайды деп) қорқамын. Сондай-ақ жұбайым кемпір. Сонда да маған өз қасыңнан бір мұрагер бере көр.!"
آية رقم 6
"Ол, маған да мұрагер болып, әрі Яғқұп ұрпағына да мұрагер болсын. Раббым оны ризалығыңа бөле!"
آية رقم 7
(Алла): "Әй Зәкеря! Расында сені бір ұл арқылы қуантамыз. Аты Яхя. Бұрын оған ешкімді аттас қылмаған едік."
آية رقم 8
(Зәкеря): "Раббым! Менің ұлым қалайша болады! Жұбайым кемпір. Расында өзім де кәріліктен қурадым" деді.
آية رقم 9
"Міне солайша" деді. Бірақ Раббың: "Ол маған оңай. Өйткені, сені бұрын жаратқанымда дәнеңе емес едің" деді.
آية رقم 10
"Раббым маған бір белгі бер" деді. (Алла): "Сенің белгің: сап-сау бола тұра үш тәулік адамдармен сөйлесе алмайсың" деді.
آية رقم 11
Сонда (Зәкеря) михраптан шығып, қауымына: "Ертелі-кеш Алланы дәріптеңдер" деп нұсқады.
آية رقم 12
"Әй Яхя! Кітапты мықты үста" деп, сәбилігінде-ақ даналық берген едік.
آية رقم 13
Әрі оған өз қасымыздан мұлайымдық, кінәдан тазалық бердік. Өзі де тақуа еді.
آية رقم 14
ﭢﭣﭤﭥﭦﭧ
ﭨ
Әрі әке-шешесіне де мейірімді еді. Зоракер, күнәкар емес еді.
آية رقم 15
Оған туылған күні, өлетін күні және тірі тұрғызылатын күні амандық болсын.
آية رقم 16
(Мұхаммед Ғ.С.) Құрандағы Мәрямды айтып бер. Сол уақытта ол, түрған үйінің шығыс жағындағы бір орынға жекеленіп барды.
آية رقم 17
Сонда олардың бер жағынан шымылдық ұстап қойған еді. Сондай-ақ оған рүхымызды (Жебірейілді) жібердік те ол, оған толық адам бейнесінде көрінді.
آية رقم 18
(Мәрям): "Егер сен тақуа болсаң да сенен Аллаға сиынамын" деді.
آية رقم 19
(Рүх): "Мен саған бір таза бала беруге жіберілген Раббыңның елшісімін" деді.
آية رقم 20
Мәрям: "Маған бір адам жүғыспаса, маған қалайша бала болады? Сондай-ақ суық жолда болмасам" деді.
آية رقم 21
(Жебірейіл Ғ.С.): "Ол, солайша" деді. Өйткені, Раббың: "Бұл Маған оңай. Мен тараптан адам баласына бір үлгі әрі бір мәрхамет. Бұл біткен бір іс еді" деді.
آية رقم 22
ﯜﯝﯞﯟﯠﯡ
ﯢ
Мәрям; ол балаға жүкті болып, соныменен ұзақ бір жерге кетті.
آية رقم 23
Сонда оны толғақ қысып, құрма ағашының түбіне барды да: "Әттең-ай! Мен бұдан бұрын өліп қана мүлде ұмытылып кеткен болсам еді" деді.
آية رقم 24
(Періште) оның астынғы жағынан: "Кейіме, Раббың астыңнан бір бұлақ жаратты" деп дабыстады.
آية رقم 25
"Құрманың бұтағын өзіңе қарай сілк. Саған жас құрма түседі" (деген үн келді.)
آية رقم 26
Ал енді же де іш. Көз айым бол.! Егер адамдардан біреу көрсең: "Аса қамқор Алла үшін ораза атадым. Сондықтан бүгін еш адаммен сөйлеспеймін" де.
آية رقم 27
Сонда баланы кетеріп еліне келді. Олар: "Әй Мәрям! Расында сен өрескел бір нәрсе келтірдің" деді.
آية رقم 28
"Әй һарұнның қарындасы! (Сонымен рулас қыз.) Әкең де жаман кісі емес, шешең де жаман жолда емес еді."
آية رقم 29
Мәрям баланы көрсетті. Олар: "Бесіктегі бір бөбекпен қайтып сөйлесеміз?",- деді.
آية رقم 30
(Бала): "Рас мен Алланың құлымын. Маған кітап беріп, пайғамбар кылды" деді.
آية رقم 31
"Сондай-ақ мені кайда болсам да құтты етті де, тіршілігім бойынша намазды, зекетті орындауға бұйырды."
آية رقم 32
ﮞﮟﮠﮡﮢﮣ
ﮤ
"(Мені) шешеме мейірімді етіп, бір зоракер және қиқар қылмады."
آية رقم 33
"Маған туылған күнімде, өлер күнімде және тірілтіліп, тұрғызылатын күнім де амандық болады."
آية رقم 34
Міне осы: Олар шүбәланған Мәрям ұлы Ғиса (Ғ.С) жайындағы Алланың хақ сөзі.
آية رقم 35
Алланың баласы болуы мүмкін емес. Алла (Т.) одан мүлде пәк. Ол, бір істің болуын қаласа, тек қана оған "бол" дейді. Сонда ол, бола қалады.
آية رقم 36
"Күдіксіз Алла, менің де Раббым әрі сендердің де Раббыларың. Онда Оған ғана құлшылық қылыңдар. Тура жол осы."
آية رقم 37
Алайда, (Яһуди, Христиан) топтары өзара таласты. Қарсы болғандарға, ұлы бір күннің келуінде нендей өкініш.
آية رقم 38
Олар, алдымызға келген күні, нақ естиді де көреді. Бірақ залымдар, бүгін ашық түрде адасуда.
آية رقم 39
(Мұхаммед Ғ.С.) ол сенбей селқостықта болғандарға, олар үшін іс бітіп кететін қасырет күнін ескерт.
آية رقم 40
Расында біз жерге де ондағыларға да мұрагер боламыз. Және олар біз жаққа қайтарылады.
آية رقم 41
(Мұхаммед Ғ.С.) Кітаптағы Ыбырайым (Ғ.С.) ды есіңе ал. Негізінде ол турашыл пайғамбар еді.
آية رقم 42
Сол уақытта әкесіне: "Әй әкетайым! Естімес, көрмес, сондай-ақ өзіңе бір пайдасы жоқ нәрсеге неге шоқынасың?",- деді.
آية رقم 43
"Әй әкетайым! Расында маған, саған келмеген білім келді. Сондықтан маған ілес. Сені тура жолға салайын."
آية رقم 44
"Әй әкетайым! Шайтанға шоқынба! Өйткені, шайтан, Аллаға қарсы болған."
آية رقم 45
Әй әкетайым! Сені Алла жағынан азап қолға алып, шайтанға дос болып, қалуыңнан қорқамын.
آية رقم 46
Әкесі: "Әй Ыбырайым! Сен тәңірлерімнен бет бұрасың ба? Егер, оны қоймасаң, әрине сені таспен атамын. Сондай-ақ өзің менен аулақ бол" деді.
آية رقم 47
(Ыбырайым Ғ.С.): "Саған амандық болсын. Сені Раббымның жарылқауын тілеймін. Өйткені, Ол, өте мейірімді" деді.
آية رقم 48
Мен сендерден де Алладан өзге шоқынғандарыңнан да араны ашып, Раббыма жалбарынамын. Сондай-ақ Раббыма жалбарынсам, бос қалмауымнан үміткермін."
آية رقم 49
(Ыбырайым Ғ.С.) олардан; олардың Алладан өзге табынғандарынан да ажыраған кезде, оған Ысхақ пен Яғқұпты беріп, әрқайсысын пайғамбар қылдық.
آية رقم 50
Оларға рахметімізден бағыш етіп, оларды әр тілде жоғары бағалаттық.
آية رقم 51
(Мұхаммед Ғ.С.) Кітаптағы Мұса (Ғ.С.) ны есіңе ал. Рас ол, ықыласты әрі жіберілген пайғамбар еді.
آية رقم 52
Оған Тұр тауының оң жағынан дабыстап, сөйлесу үшін өзімізге жақындаттық.
آية رقم 53
Әрі мәрхаметімізбен туысы Һарұнды, өзіне пайғамбар етіп бердік.
آية رقم 54
(Мұхаммед Ғ.С.) Құрандағы Ысмайыл (Ғ.С.) ды есіңе ал. Шынында ол, уәдесіне берік әрі жіберілген бір пайғамбар еді.
آية رقم 55
Үй-ішіне, намазбен зекетті орындауды бұйыратын еді. Сондай-ақ Раббының қасында сүйікті еді.
آية رقم 56
(Мұхаммед Ғ.С.) Кітаптағы Ыдырыс (Ғ.С.) ды ескер. Өйткені, ол шыншыл бір пайғамбар еді.
آية رقم 57
ﮂﮃﮄ
ﮅ
Оны жоғары орынға көтердік. (Пайғамбарлық дәрежесіне, Аллаға жақындауға, жаннатқа және көкке шығаруға. Ж.Б.Р.К.Х.)
آية رقم 58
Міне бұлар, Алла, өздерін нығметке бөлеген пайғамбарлар. Адам (Ғ.С.) ның және Нұх (Ғ.С.) пен бірге (кемеде) тасығандарымыздың ұрпағынан әрі Ыбырайым (Ғ.С.) және Исраилдың, ұрпағынан тура жол көрсетіп, таңдаған кісілерімізден. Оларға Алланың аяттары оқылған сәтте, жылаған бойда сәждеге жығылады (Сәжде аяты)
آية رقم 59
Бұл пайғамбарлардан кейін орындарына, намазды қойып, нәпсілеріне ергендер келді. Олар жақында (қияметте) адасуларының сазайын тартады.
آية رقم 60
Бірақ кім тәубе қылып, ииан келтірген түрде түзу іс істесе, міне солар ешбір әділетсіздікке ұшырамай жаннатқа кіреді.
آية رقم 61
Ол, аса қамқор Алланың құпия түрде құлдарына уәде еткен (Ғадын) жаннаттары. Расында Оның уәдесі орындалады.
آية رقم 62
Олар жаннатта сәлемнен басқа бос сөз естімейді. Және оларға жаннатта ертелі-кеш несібе бар.
آية رقم 63
Құлдарымыздан біреу тақуа болса, соны мұрагер ететін бейіш осы. (Бір уақ Жебірейіл Ғ.С. кешіккендіктен Мұхаммед Ғ.С. алаң болады. Ж.Б.М.Р.К.
آية رقم 64
(Жебрейіл Ғ.С.): "Раббымның әмірімен ғана түсеміз. Алды-артымдағы және екі арадағы жағдайларды білу Оған тән. Сондай-ақ Раббың ұмытпайды.
آية رقم 65
Ол, көктер мен жердің екі арасындағылардың Раббы. Сондықтан Соған құлшылықта сабырлы бол. Сол аттас білетінің бар ма? (Бұдан басқа Алла бар ма?)
آية رقم 66
Адам баласы: "Мен өлген уақытта тіріліп, ортаға шығарыламын ба?",-дейді.
آية رقم 67
Ал адам баласы, өзін алғаш жаратқанымызда, дәнеңе емес екенін ойламай ма?
آية رقم 68
Раббыңа серт! Әлбетте оларды да шайтандарын да жинаймыз. Сонан соң тозақтың айналасына тізерлетіп, оларды әзірлейміз.
آية رقم 69
Сонан кейін әрбір топтан Аллаға қайсысы қатты қарсы келгенін ортаға шығарамыз.
آية رقم 70
Сосын әрине олардан тозаққа лайық болғанын жақсы білеміз.
آية رقم 71
Сендерден тозаққа келмейтін (сыраттан өтпейтін) ешкім болмайды. (Бұл) Раббыңа түжырымды, міндетті бір үкім.
آية رقم 72
Соңыра тақуа болғандарды құтқарамыз да залымдарды тозақта жүгіндіріп қоямыз.
آية رقم 73
Өздеріне ашық түрде аяттарымыз оқылған заман; кәпірлер, (байлықтарын салғастырып) мүміндерге: "Екі топтың қайсысы жағдайда жақсы, жиналыста көркем?",- деді.
آية رقم 74
Бұлардан бұрынғы нәсілден талайды жоқ еттік. Олар, дүниелікте әрі көріністе бұлардан артық еді.
آية رقم 75
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Кім адасқан болса, Алла оны мүлде созып қояды да ақыр өздеріне уәде етілген азапты не қияметті көрген сәтте, олар кімнің орны жаман, сыбайластары әлсіз екенін біледі" де.
آية رقم 76
Алла (Т.) тура жол тапқандарға туралықты арттырады. Тұрақты игілік; Раббыңның, қасында сауап түрғысынан жақсы да нәтиже бойынша хайырлы.
آية رقم 77
(Мұхаммед Ғ.С.) аяттарымызға қарсы келіп: "Әлбетте маған мал, бала беріледі" дегенді көрдің бе?
آية رقم 78
Ол, көместі білді ме? Немесе Алладан уәде алды ма?
آية رقم 79
Әсте олай емес. Оның айтқанын жазамыз да оған азапты арттырған сайын арттырамыз.
آية رقم 80
ﭭﭮﭯﭰﭱ
ﭲ
Сондай-ақ оның айтқанына Біз ие боламыз да ол бізге жалғыз келеді.
آية رقم 81
Олар өздеріне абырой үшін Алладан өзге тәңір жасап алды.
آية رقم 82
Олай емес, тәңірлері олардың табынуларына қарсы шығып, өздеріне теріс келеді.
آية رقم 83
(Мұхаммед Ғ.С.) көрмедің бе? Кәпірлерге, оларға түрткі салатын шайтандарды жібердік.
آية رقم 84
Олар үшін асықпа. Шынайы түрде олардың күнін санаудамыз.
آية رقم 85
ﮗﮘﮙﮚﮛﮜ
ﮝ
Сол күні, тақуаларды Рахманның хұзырына қонақ түрінде жинаймыз.
آية رقم 86
ﮞﮟﮠﮡﮢ
ﮣ
Күнәкарларды шөлдеген түрде тозаққа айдаймыз.
آية رقم 87
Рахманның қасында уәде алғаннан басқа ешкім шапағат ету күшіне ие бола алмайды. (2-С.555-А.)
آية رقم 88
ﮮﮯﮰﮱ
ﯓ
Олар: "Алла, бала иемденді" десті.
آية رقم 89
ﯔﯕﯖﯗ
ﯘ
Расында өрескел нәрсе сөйледіңдер.
آية رقم 90
Бұдан көктер шатынай, жер жарыла, таулар құлап түсе жаздайды:
آية رقم 91
ﯣﯤﯥﯦ
ﯧ
Аллаға бала ұйғарғандықтарынан.
آية رقم 92
ﯨﯩﯪﯫﯬﯭ
ﯮ
Негізінен Аллаға бала лайық емес.
آية رقم 93
Көктер мен жердегі әркім Аллаға ғана құл болып келеді.
آية رقم 94
ﯺﯻﯼﯽ
ﯾ
Расында Алла, оларды түгендеп, бір-бірлеп санын біледі.
آية رقم 95
ﯿﰀﰁﰂﰃ
ﰄ
Сондай-ақ олардың барлығы Оған жеке-жеке келеді.
آية رقم 96
Күдіксіз иман келтіріп, түзу іс істегендерге; Алла, сүйіспеншілік береді.
آية رقم 97
(Мұхаммед Ғ.С.) Құранды, ол арқылы тақуаларды қуантып, қасарысқан елді қорқытуың үшін өз тіліңде оңайластырып түсірдік.
آية رقم 98
Олардан қаншалаған нәсілді жоқ еттік. Енді олардың ешбіреуін сезініп, сыбдырларын естисің бе?
تقدم القراءة