ترجمة معاني سورة نوح باللغة الكازاخية من كتاب الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
خليفة الطاي
آية رقم 1
Расында Нұх (Ғ.С.) ты, еліне: "Қауымыңды күйзелтуші азап келуден бұрын қорқыт" деп, жібердік.
آية رقم 2
ﮇﮈﮉﮊﮋﮌ
ﮍ
(Нұх Ғ.С.): "Шын мәнінде мен сендерге ашық ескертушімін" деді.
آية رقم 3
ﮎﮏﮐﮑﮒ
ﮓ
"Аллаға құлшылық қылыңдар, Одан қорқыңдар, маған бағыныңдар;"
آية رقم 4
"Күнәларыңды жарылқайды және өздеріңді белгілі бір мерзімге дейін кешіктіреді. (Өмір сүрдіреді.) Егер білген болсаңдар, шын мәнінде Алланың өлшеулі мезгілі жетсе кешіктірілмейді."
آية رقم 5
(Нұх Ғ.С.): "Раббым! Расында мен елімді күндіз-түні шақырдым."
آية رقم 6
ﮱﯓﯔﯕﯖ
ﯗ
"Бірақ шақыруым, олардың қашуын ғана арттырды."
آية رقم 7
"Расында мен оларды Сенің бағыштауың үшін шақырған сайын, олар саусақтарын құлақтарына тығып, киімдерін бүркенген бойда, қасарысып, паңданған сайын паңданды."
آية رقم 8
ﯧﯨﯩﯪ
ﯫ
"Сосын рас мен оларды қатты дабыстап шақырдым."
آية رقم 9
"Одан кейін мен оларға ашықша да тіпті өздеріне көмес түрде жасырын да айттым."
آية رقم 10
ﯴﯵﯶﯷﯸﯹ
ﯺ
(Сондай-ақ оларға): "Раббыларыңнан жарылқау тілеңдер. Өйткені Ол, өте жарылқаушы." дедім.
آية رقم 11
ﭑﭒﭓﭔ
ﭕ
"Ол, сендерге аспаннан мол-мол жаңбыр жібереді."
آية رقم 12
"Әрі өздеріңді малдар, балалармен қамдайды. Және сендер үшін бақшалар жасап, өзендер ағызады."
آية رقم 13
ﭠﭡﭢﭣﭤﭥ
ﭦ
"Алланың ұлықтығын ойламайтын сендерге не болды?"
آية رقم 14
ﭧﭨﭩ
ﭪ
"Расында Ол, сендерді түрлі жағдайларда жаратты."
آية رقم 15
"Алланың жеті аспанды қабат-қабат жаратқанын көрмедіңдер ме?"
آية رقم 16
"Олардың ішінде айды нұр қылып, күнді шам қылды."
آية رقم 17
ﭼﭽﭾﭿﮀ
ﮁ
"Алла, сендерді жерден өсіріп өндірді."
آية رقم 18
ﮂﮃﮄﮅﮆ
ﮇ
"Сосын сендерді, ол жерге қайтарады сонан кейін қайта шығарады."
آية رقم 19
ﮈﮉﮊﮋﮌ
ﮍ
"Алла сендерге жерді төсеніш қылды."
آية رقم 20
ﮎﮏﮐﮑ
ﮒ
"Оның кең жолдарында жүрулерің үшін."
آية رقم 21
Нұх (Ғ.С.): "Раббым! Расында олар маған қарсы келді. Сондай-ақ олар, малдары, балалары өздеріне зияннан басқаны арттырмаған біреулерге ілесті."
آية رقم 22
ﮡﮢﮣ
ﮤ
"Олар зор айлакерліктер істеді."
آية رقم 23
Және олар: "Тәңірлеріңді тастамаңдар; Уад, Суағ, Яғұс, Яғүқ және Насырды әсте тастамаңдар" деседі. (Бұлар, бұттарының аттары.)
آية رقم 24
"Расында олар көпшілікті адастырды. Раббым! Сен де залымдардың адасуларын ғана арттыр."
آية رقم 25
Қылмыстарының салдарынан суға батырылды да отқа салынды. Енді олар, өздеріне Алладан өзге көмекші таба алмады.
آية رقم 26
Нұх (Ғ.С.): "Раббым! Жер жүзінде кәпірлерден ешбіреу тұрғын қалдырма" деді.
آية رقم 27
"Егер оларды қалдырсаң, құлдарыңды жолдан адастырады да бұзақы кәпір балаларды ғана тудырады;
آية رقم 28
"Раббым! Мені, әке-шешемді, мүмін болып үйіме кірген кісіні және мүмін ерлер мен мүмін әйелдерді жарылқа! Сондай-ақ залымдардың жоқ болуларын ғана арттыр" деді.
تقدم القراءة