ترجمة معاني سورة الواقعة باللغة الكازاخية من كتاب الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
خليفة الطاي
آية رقم 1
ﮃﮄﮅ
ﮆ
Қиямет уақиғасы болған кезде,
آية رقم 2
ﮇﮈﮉ
ﮊ
Оның болуын өтірік деуші болмас.
آية رقم 3
ﮋﮌ
ﮍ
(Ол) төмендетеді, жоғарлатады.
آية رقم 4
ﮎﮏﮐﮑ
ﮒ
Сол уақытта жер тұтас сілкіндіріледі.
آية رقم 5
ﮓﮔﮕ
ﮖ
Таулар мүлде үгітіледі.
آية رقم 6
ﮗﮘﮙ
ﮚ
Ұшқан тозаңдай болады.
آية رقم 7
ﮛﮜﮝ
ﮞ
Сол уақытта сендер үш бөлімге бөлінесіңдер;
آية رقم 8
ﮟﮠﮡﮢﮣ
ﮤ
(Ғамал дәптері оңынан берілген) оңшылдар, нендей жақсы ол оңшылдар.
آية رقم 9
ﮥﮦﮧﮨﮩ
ﮪ
(Ғамал дәптері солынан берілген) солшылдар, нендей жаман ол солшылдар.
آية رقم 10
ﮫﮬ
ﮭ
Озаттар алдынғы қатарда болады.
آية رقم 11
ﮮﮯ
ﮰ
Міне солар, Аллаға жақын болғандар.
آية رقم 12
ﮱﯓﯔ
ﯕ
Ұжмақта нығметке бөленеді;
آية رقم 13
ﯖﯗﯘ
ﯙ
Бұрынғылардан көбірек.
آية رقم 14
ﯚﯛﯜ
ﯝ
Соңғылардан азырақ.
آية رقم 15
ﯞﯟﯠ
ﯡ
Безенген тақтар үстінде.
آية رقم 16
ﯢﯣﯤ
ﯥ
Олардың үстінде ерсілі-қарсылы отырады.
آية رقم 17
ﭑﭒﭓﭔ
ﭕ
Оларға өзгермес жастар айналып, қызмет етеді;
آية رقم 18
ﭖﭗﭘﭙﭚ
ﭛ
Ағып жатқан арақтан толтырылған шелектер, құмандар және кәселерменен.
آية رقم 19
ﭜﭝﭞﭟﭠ
ﭡ
Ол; бас ауыртпайды да мас қылмайды.
آية رقم 20
ﭢﭣﭤ
ﭥ
Қалаған жемістері бар.
آية رقم 21
ﭦﭧﭨﭩ
ﭪ
Көңілдері соққан құс еті бар.
آية رقم 22
ﭫﭬ
ﭭ
Бота көз хұрлар бар.
آية رقم 23
ﭮﭯﭰ
ﭱ
Сақтаулы інжу сияқты.
آية رقم 24
ﭲﭳﭴﭵ
ﭶ
Бұл істеген ғамалдарының сыйлығы.
آية رقم 25
ﭷﭸﭹﭺﭻﭼ
ﭽ
Олар жаннатта бос не күнәлы сөз естімейді.
آية رقم 26
ﭾﭿﮀﮁ
ﮂ
Бірақ "Сәлем, сәлем" деген сөзді ғана естиді.
آية رقم 27
ﮃﮄﮅﮆﮇ
ﮈ
Оңшылдар, ол оңшылдар нендей бақытты.
آية رقم 28
ﮉﮊﮋ
ﮌ
Олар тікенсіз сидыр (ағаштары);
آية رقم 29
ﮍﮎ
ﮏ
Жемістері үсті-үстіне шоғырланған мұз (банан) ағаштарының,
آية رقم 30
ﮐﮑ
ﮒ
Созылған көлеңкенің астында болады.
آية رقم 31
ﮓﮔ
ﮕ
Сарқырап аққан су бар.
آية رقم 32
ﮖﮗ
ﮘ
Мол жеміс бар;
آية رقم 33
ﮙﮚﮛﮜ
ﮝ
Ешбір түгеп, үзілмейтін, ешкім қорымайтын,
آية رقم 34
ﮞﮟ
ﮠ
Биік төсектерде болады.
آية رقم 35
ﮡﮢﮣ
ﮤ
Расында хұр қыздарын жаңадан жаратамыз. (Немесе жаннаттық әйелдерді қайтадан жаратамыз.Б.)
آية رقم 36
ﮥﮦ
ﮧ
Оларды ер көрмеген қыздар етіп, жаратамыз.
آية رقم 37
ﮨﮩ
ﮪ
Күйеуін сүйгіш құрдас болады.
آية رقم 38
ﮫﮬ
ﮭ
Бұл айтылғандар, оңшылдар үшін болады.
آية رقم 39
ﮮﮯﮰ
ﮱ
Бір топ бұрынғылардан.
آية رقم 40
ﯓﯔﯕ
ﯖ
Бір топ соңғылардан.
آية رقم 41
ﯗﯘﯙﯚﯛ
ﯜ
Солшылдар, сол шолшылдар невдей сұмырай.
آية رقم 42
ﯝﯞﯟ
ﯠ
Олар ыстық бу, қайнар суда болады.
آية رقم 43
ﯡﯢﯣ
ﯤ
Қара түнек көлеңкеде болады.
آية رقم 44
ﯥﯦﯧﯨ
ﯩ
Салқын да емес, жайлы да емес.
آية رقم 45
ﯪﯫﯬﯭﯮ
ﯯ
Өйткені олар, бұдан бұрын (дүниеде) тоң мойын әуесқорлар еді.
آية رقم 46
ﯰﯱﯲﯳﯴ
ﯵ
Зор күнәда қасарысушы еді.
آية رقم 47
"Өліп, топырақ және сүйектер болсақ та шын тірілеміз бе?",- дейді.
آية رقم 48
ﰀﰁ
ﰂ
"Бұрынғы аталарымыз да тіріле ме?",- (дейді.)
آية رقم 49
ﰃﰄﰅﰆ
ﰇ
(Мұхаммед Ғ.С.): "Сөзсіз бұрынғылар да, соңғылар да.",- де.
آية رقم 50
ﰈﰉﰊﰋﰌ
ﰍ
"Әлбетте, мәлім күнде белгілі орынға жиналады" (де.)
آية رقم 51
ﭑﭒﭓﭔﭕ
ﭖ
Сосын сендер әй адасқан өтірікшілер!
آية رقم 52
ﭗﭘﭙﭚﭛ
ﭜ
Әлбетте ағаштан, Заққұмнан жейсіңдер.
آية رقم 53
ﭝﭞﭟ
ﭠ
Одан қарындарыңды толтырасыңдар.
آية رقم 54
ﭡﭢﭣﭤ
ﭥ
Оның үстіне қайнар судан ішесіңдер.
آية رقم 55
ﭦﭧﭨ
ﭩ
Шөлдеген түйеше, сіміресіңдер.
آية رقم 56
ﭪﭫﭬﭭ
ﭮ
Міне олардың қиямет күнгі сыйлықтары.
آية رقم 57
ﭯﭰﭱﭲ
ﭳ
Сендерді Біз жараттық. Сонда неге мойындамайсыңдар?
آية رقم 58
ﭴﭵﭶ
ﭷ
Сендер тамызған мәни суын көрдіңдер ме?
آية رقم 59
ﭸﭹﭺﭻﭼ
ﭽ
Оны сендер жаратасыңдар ма? Немесе Біз жаратмыз ба?
آية رقم 60
Біз араларыңда өлімді белгіледік. Бізден ешкім озалмайды.
آية رقم 61
Сендердің бейнелеріңді өзгертіп, сендер білмегенді жарата аламыз.
آية رقم 62
ﮐﮑﮒﮓﮔﮕ
ﮖ
Расында бұрынғы жаратуды білесіңдер, ендеше түсінбейсіңдер ме?
آية رقم 63
ﮗﮘﮙ
ﮚ
Ал енді еккендеріңді көрдіңдер ме?
آية رقم 64
ﮛﮜﮝﮞﮟ
ﮠ
Оны сендер өсіресіңдер ме? Не Біз өсіреміз бе?
آية رقم 65
ﮡﮢﮣﮤﮥﮦ
ﮧ
Егер қаласақ, оны қоқымға айналдырар едік. Сонда күңкілдесе берер едіңдер;
آية رقم 66
ﮨﮩ
ﮪ
"Расында зиянға ұшырадық,"
آية رقم 67
ﮫﮬﮭ
ﮮ
"Тіпті мүлде бос қалдық" (дер едіңдер.)
آية رقم 68
ﮯﮰﮱﯓ
ﯔ
Ішкен суларыңды көрдіңдер ме?
آية رقم 69
Оны бұлттан сендер жаудырасыңдар ма? Немесе Біз жаудырамыз ба?
آية رقم 70
ﯝﯞﯟﯠﯡﯢ
ﯣ
Егер қаласақ оны ащы қылар едік. Ендеше, шүкір етпейсіңдер ме?
آية رقم 71
ﯤﯥﯦﯧ
ﯨ
Жаққан оттарыңды көрдіңдер ме?
آية رقم 72
ﯩﯪﯫﯬﯭﯮ
ﯯ
Оның ағашын сендер жараттыңдар ма? немесе Біз жараттық па?
آية رقم 73
ﯰﯱﯲﯳﯴ
ﯵ
Біз оны бір ескерткіш және жүргіншілер үшін пайдалы қылдық.
آية رقم 74
ﯶﯷﯸﯹ
ﯺ
(Мұхаммед Ғ.С.) Ендеше Раббыңды ұлы атымен дәріпте.
آية رقم 75
ﯻﯼﯽﯾﯿ
ﰀ
Ал енді жұлдыздардың орындарына серт етемін.
آية رقم 76
ﰁﰂﰃﰄﰅ
ﰆ
Егер білсеңдер, ол, зор серт.
آية رقم 77
ﭑﭒﭓ
ﭔ
Шын мәнінде ол ардақты Құран.
آية رقم 78
ﭕﭖﭗ
ﭘ
Кітапта (Лаухы Махфүзда. Б.М.Р.) сақтаулы.
آية رقم 79
ﭙﭚﭛﭜ
ﭝ
Оны тап-таза болғандар ғана ұстайды. (Дәретсіз кісі ұстамайды.)
آية رقم 80
ﭞﭟﭠﭡ
ﭢ
Әлемдердің Раббы жақтан түсірілген.
آية رقم 81
ﭣﭤﭥﭦ
ﭧ
Сендер осы сөзді құр көресіңдер ме?
آية رقم 82
ﭨﭩﭪﭫ
ﭬ
Расында берген ризыққа шүкір етудің орнына оны жасынға шығарасыңдар ма? (Ж.)
آية رقم 83
ﭭﭮﭯﭰ
ﭱ
Ал жан жұтқыншаққа келген кезде;
آية رقم 84
ﭲﭳﭴ
ﭵ
Сол уақытта сендер қарап қаласыңдар.
آية رقم 85
Негізінде ол өліп бара жатқанға Біз жақынырақпыз. Сендер көрмейсіңдер.
آية رقم 86
ﭾﭿﮀﮁﮂ
ﮃ
Ал сонда егер жазаланбайтын болсаңдар;
آية رقم 87
ﮄﮅﮆﮇ
ﮈ
Егер шын айтсаңдар, оның жанын қайтарыңдаршы.
آية رقم 88
ﮉﮊﮋﮌﮍ
ﮎ
Ал егер өлген кісі, Аллаға жақындардан болса;
آية رقم 89
ﮏﮐﮑﮒ
ﮓ
Сонда оған рахатты шаттық әрі нығметті ұжмақ бар.
آية رقم 90
ﮔﮕﮖﮗﮘﮙ
ﮚ
Ал енді өлі оңшылдардан болса;
آية رقم 91
ﮛﮜﮝﮞﮟ
ﮠ
Саған оңшылдардан, "Сәлем" (делінеді.)
آية رقم 92
ﮡﮢﮣﮤﮥﮦ
ﮧ
Егер өлі, жасынға шығарушы адасқандардан болса;
آية رقم 93
ﮨﮩﮪ
ﮫ
Сонда оның қонақ асысы, қайнар судан болады.
آية رقم 94
ﮬﮭ
ﮮ
Әрі тозаққа салынады.
آية رقم 95
ﮯﮰﮱﯓﯔ
ﯕ
Сөзсіз міне анық шындық осы.
آية رقم 96
ﯖﯗﯘﯙ
ﯚ
(Мұхаммед Ғ.С.) үлы Раббыңды атымен дәріпте.
تقدم القراءة