سورة القيامة

الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد

ترجمة معاني سورة القيامة باللغة الكازاخية من كتاب الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد

خليفة الطاي

الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد

خليفة الطاي

الناشر

مجمع الملك فهد

آية رقم 1
Жоқ, қиямет күніне ант етемін.
آية رقم 2
Жоқ, сөгіс беруші нәпсіге ант етемін.
آية رقم 3
Адам баласы, біз сүйектерді жинай алмайды деп ойлай ма?
آية رقم 4
Әрине оны саусақтарының үшіне дейін қайта жасай аламыз.
آية رقم 5
Бірақ адам баласы, күнәны жалғастыра бергісі келеді
آية رقم 6
"Қиямет күні қашан болады?',- деп, сұрайды.
آية رقم 7
Қашан көз шағылысқан,
آية رقم 9
Күн мен ай бір араға келтірілген кезде.
آية رقم 10
Адамдар сол күн: "Қашар жер қайда?",- дейді.
آية رقم 12
Ол күнгі тұрақ; Раббыңның алды.
آية رقم 13
Сол күні адам баласына ілгері кейін істегені білдіріледі. (36-С. 12-А.)
آية رقم 14
Әрине адам баласы өзіне-өзі көздеуші:
آية رقم 15
Егер барлық желеулерін ортаға қойса да. (Қанша сылтауратса да өз қылығы өзіне мәлім.)
آية رقم 16
(Мұхаммед Ғ.С. Құран уахи етілген сәтте, тездетіп оқуға тырысқан. Б.Ж.Р.М.) (Әй Мұхаммед!) Құран түскенде оған асығып тіліңді қозғалтпа.
آية رقم 17
Шын мәнінде оны жинау, оқу Бізге міндет.
آية رقم 18
Ал оны Біз оқығанда, оның оқылуына ілес.
آية رقم 19
Сосын оны түсіндіру Бізге міндет.
آية رقم 20
Жоқ, олай емес. Сендер тез кететін дүниені жақсы көресіңдер.
آية رقم 21
Ақиретті тастап, қоясыңдар.
آية رقم 22
Қиямет күні, кейбір жүздер жарқылдап;
آية رقم 24
Ол күні, кейбір жүздер томсаруда болады.
آية رقم 25
Өзіне бел үзетін қинау жасалады деп ойлайды.
آية رقم 26
Жоқ олай емес. Жан алқымға келген кезде;
آية رقم 27
"Кім шара көреді?",- делінеді.
آية رقم 28
Ол шын мәнінде айрылу екенін сезеді.
آية رقم 29
Балтыры, балтырына оралады.
آية رقم 30
Ол күні Раббы жаққа айдалады.
آية رقم 31
Сонда ол, мойындамады да намаз оқымады.
آية رقم 32
Бірақ, жасынға шығарып бет бұрды.
آية رقم 33
Сосын ол, кердеңдей басып, үйіне кетті.
آية رقم 36
Адам баласы бос қоя берілеміз деп ойлай ма?
آية رقم 37
Ол, (жатырға) тамызылган бір тамшы мәни емес пе?
آية رقم 38
Сосын ол, ұйыған қан болды. Сонда Алла жаратып бейнеледі.
آية رقم 39
Сонда одан ер, әйел екі жыныс жаратты.
آية رقم 40
Бұларды жасаған Алланың, өліктерді қайта тірілтуге югші жетпей ме?
تقدم القراءة