Олар Алланы шын мәнінде қадырлай алмады. Негізінде қиямет күні жер бүтіндей Оның уысында. Және көктерде оң қолымен бүктеледі. (Алланың құдыреті бойынша ашса; алақанында, жұмса; уысында. БЖМ.) Ол олардың қосқан ортақтарынан пәк. Әрі жоғары.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ал, олар / кәпірлер / Аллаһты Оның қадіріне сай бағалаған жоқ. Қайта тірілу күні жер бүтіндей Оның уысында, ал аспандар оралған түрде Оның оң қолында / болады /. Ол - олардың серік етіп қосқандарынан пәк әрі жоғары.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي