(Мұхаммед Ғ.С.): «Егер әкелерің, балаларың, туыстарың әйелдерің, ағайындарың, тапқан малдарын, тоқтап қалуынан қорыққан саудаларын, жақсы көрген үлерің сендерге Алладан, Пайғамбарынан әрі Оның жолында соғысуынан артық көрінсе, Алланың әмірі келгенге дейін күтіңдер» де. Алла бұзық қауымды тура жолға салмайды.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Егер әкелерің, балаларың, бауырларың, жұбайларың, туыстарың және тапқан дүниелерің, тоқтап қалуынан қорқатын сауда мен өздерің ұнататын үйлерің сендер үшін Аллаһтан және Оның Елшісінен әрі Аллаһ жолында күресуден артық болса, онда Аллаһ Өз әмірін / жазасын / келтіргенге дейін күтіңдер! Аллаһ бұзық адамдарды тура жолмен жүргізбейді.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي