Мұнафық ерлер мен әйелдер, бірі-бірінен. (Бәрі бір.) Олар жамандыққа бұйырып, игіліктен тосады. Сондай-ақ олар қолдарын жұмады. (Сараңдық қылады.) Олар Алланы ұмытты. Сондықтан Алла, оларды ұмытты. Расында мұнафықтар, олар бұзықтар.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Мұнафиқ ерлер мен мұнафиқ әйелдер - бір-бірінен. Олар айыпталғанға бұйырып, құпталғаннан қайтарады және қолдарын жұмып алады / сараңдық етеді /. Олар Аллаһты ұмытты, сондықтан Ол да оларды ұмытты / тастады /. Анығында, мұнафиқтар - нағыз бұзықтар / бойсұнбаушылар /.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي