Мүмін ерлер мен мүмін әйелдер, бір-біріне көмекші. Олар дұрыстыққа қосып, бұрыстықтан тосады. Сондай-ақ олар намаздарын толық орындап, зекет беріп, Аллаға, Елшісіне бой ұсынады. Соларды Алла, мәрхаметіне бөлейді. Расында Алла тым үстем, аса дана.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Иманды / мүмін / ерлер мен иманды / мүмін / әйелдер - бір-біріне дос, қамқоршы. Олар құпталғанға бұйырады, тыйым салынғаннан қайтарады, намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындайды, зекетті береді және Аллаһ пен Оның Елшісіне бойсұнады. Міне, осыларды Аллаһ мейіріміне бөлейді. Ақиқатында, Аллаһ - бәрінен Үстем , аса Дана.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي