(Мұхаммед Ғ.С. ) сол уақытта періштелерге: “Адамға сәжде қылыңдар ”деген едік. Ібілістен басқа бүкіл періштелер сәжде қылған еді. Жыннан болған ол, Раббының әмірінен бас тартты. Сонда да Менен оны ұрпақтарын дос етіп, аласыңдар ма“” Олар болса, сендерге дұшпан. (Алла тұрып, шайтанды дос көру.) Залымдар үшін нендей жаман өзгеріс!
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Кезінде біз періштелерге: «Адамға сәжде етіңдер», - деген едік. Сонда олар сәжде етті, тек жыннан болған Ібіліс қана Раббысының бұйрығын тыңдамады. Сонда, олар сендерге дұшпан болса да, Мені қойып оны / шайтанды / және оның ұрпағын қамқоршы етіп аласыңдар ма? Әділетсіздердің айырбастап алғандары қандай жаман.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي