Адамдардың кейбірі: "Аллаға иман келтірдік" дейді де олар Алла жолында жапа тартса, адамдардың кесірін, Алланың азабындай көреді. Әлбетте Раббыңнан бір нүсырат келетін болса: "Әрине біз сендермен бірге едік" дейді. Алла әлемдегілердің көңілдеріндегіні жақсы біледі емес пе?
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Адамдардың ішінде: «Аллаһқа сендік» -деп айтатындар бар. Бірақ, қашан ол Аллаһ жолында зиян көрсе, адамдардың бүлігін / жамандығын / Аллаһтың азабындай көреді. Ал, егер Раббыңнан бір жеңіс келсе, олар міндетті түрде: «Шын мәнінде, біз сендермен бірге болдық»,- дейді. Аллаһ әлемдердің көкіректеріндегіні жақсы біледі емес пе?
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي