Жетімдерді үйлену шағына жеткенше сынаңдар. Сонда егер олардан бір естияларлық көрсеңдер, дереу олардың малдарын өздеріне беріңдер. Сондай-ақ олардың ержетуінен қорқып, ысыраптап, тездетіп жемеңдер. Ал және біреу бай болса, онда тартынсын да, біреу жарлы болса, онда да орнымен жесін. Қашан олардың малдарын өздеріне тапсырсаңдар, оларға айғақ қойыңдар. Алла (Т.) есеп көруде жеткілікті.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Жетімдерді неке / балиғат / жасына жеткендерінше сынаңдар. Егер олардан естиярлық байқасаңдар, мал-дүниелерін өздеріне тапсырыңдар. Оны ысырап етіп, олардың есеюлерінің алдын орап жемеңдер. Әрі кім бай болса, сақтансын / одан пайдаланбасын /. Ал, кім кедей болса, құпталғанға сай, жөнімен ғана жесін. Қашан олардың малдарын өздеріне тапсырсаңдар, куәгерлерді қатыстырыңдар. Аллаһ - Есеп алушы ретінде жеткілікті.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي