Шын мәнінде сондай аяттарымызда бұрмалаушылық жасағандар, Бізге жасырын емес. Ендеше отқа тасталған біреу жақсы ма? Немесе қиямет күні аман-есен келген біреу жақсы ма? Қалағандарыңды істеңдер. Сөзсіз Алла, не істегендеріңді толық көруші.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Біздің аяттарымызға қатысты / ақиқаттан / ауытқығандар Бізден жасырын қалмайды. Отқа тасталатын біреу жақсы ма, әлде Қайта тірілу күні аман болып, қауіпсіз күйде келетін біреу ме? Қалағандарыңды істеңдер. Шын мәнінде, Ол - не істеп жатқандарыңды Көруші.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي