(Мұхаммед Ғ.С.) ол мешітте әсте намаз оқыма. Бастапқы күннен бері тақуалық негізінде салынған (Құба) мешіті намазға тұруына тағы лайық. Онда тап-таза болуды сүйетін кісілер бар. Алла да өте таза болушыларды жақсы көреді.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ей, Мұхаммед! / Сен онда / ол мешітте / ешқашан тұрма. Сенің тұруыңа алғашқы күннен тақуалық / Аллаһқа бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушылық / негізінде құрылған мешіт, көбірек лайықты. Онда тазаруды ұнататын адамдар бар. Ал Аллаһ тазарушыларды жақсы көреді.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي