(Сахабалардан Кәғап, Ћилал және Марара жауқаулық істеп, Тәбүк соғысына бармай қалып, соғыстан қайтып келгенде Пайғамбар (Ғ.С.) ға өкініш білдіріп, кешірім тілейді. Пайғамбар (Ғ.С.) оларға: «Тұра тұрыңдар» дегендіктен олармен адамдар сөйлеспей қойып, елу күннен кейін осы аят түседі. Және 102-106 аяттар да осы уақиғаға байланысты.) Соғыстан қалған үшеуінің де тәубесін қабыл етті. Тіпті оларға жер кең бола тұра тар келген еді. Өздерінен өздері тарылып, Алладан басқа ешбір пана жоқтығын аңғарды. Содан кейін Алла оларға тәубе нәсіп етті. Шынында Ол Алла, тым тәубе қабыл етуші, өте мейірімді.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Әрі / өздеріне қатысты үкім / кейінге қалдырылған үшеудің де / тәубелерін қабыл етті /. Сол кезде оларға жер кең бола тұра тарылып, жандары сығылып,' Аллаһтың Өзінен басқа пана жоқтығына көздері анық жеткен еді. Содан кейін Ол / Аллаһ / олардың істеген күнәларына шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтулары / тәубеге келуі / үшін күнәларынан арылуына алып келді / тәубеге келтірді /. Ақиқатында, Аллаһ - тәубені қабыл етуші, ерекше Мейірімді.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي