Олардың кейбіреуі Пайғамбарға: «Ол бір құлақ (не болса соны тыңдайды)» деп жапа береді. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Ол сендер үшін хайырлы бір құлақ Аллаға иман келтіреді де Мұсылмандарға сенеді. Сондай-ақ сендерден иман келтіргендер үшін бір рақмет. Алалның Елшісіне жапа бергендерге күйзелтуші азап бар»
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Олардың / мұнафиқтардың / ішінде Пайғамбарды ренжітіп: «Ол - құлақ»,- деп айтатындар бар. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ол - сендер үшін қайырлы құлақ. Ол Аллаһқа сенеді әрі имандыларға / мүміндерге / сенеді және сендерден иманға келгендер үшін - бір мейірім. Ал, Аллаһтың Елшісін ренжіткендерге күйзелтуші азап бар», - деп.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي