(Мұхаммед Ғ.С.) егер Алла сені (Тәбүктен Мединедегі соғысқа бармай қалған) мұнафықтар тобына қайтарып апарса, олар сенен (соғысқа) шығуға рұқсат сұраса: «Әсте менімен бірге шықпайсыңдар да менімен бірге жаумен еш соғыспайсыңдар. Өйткені, сендер алғашқы рет отырып қалуды қоштадыңдар. Ал енді артта қалушылармен бірге отырыңдар» де.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ей, Мұхаммед! / Ал, егер Аллаһ сені олардан / мұнафиқтардан / болған бір топқа-қайтарып, олар сенен / соғысқа / шығуға рұқсат сұраса, оларға: «Сендер ешқашан менімен бірге шықпайсыңдар және менімен бірге жаумен соғыспайсыңдар. Ақиқатында, сендер алғашқы рет қалып қоюды қош көрдіңдер. Ал, енді қалып қойғандармен бірге отырыңдар» - деп айт.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي