(Соғыстан) қайтып оларға барсаңдар, сендерге сылтауратады. (Мұхаммед Ғ.С.): «Сылтауратпаңдар, сендерге әсте сенбейміз! Расында Алла бізге хабарларыңды білдірді. Алла да Елшісі де істеріңді көреді. Сонан кейін көместі, көрнеуді білуші Аллаға қайтарыласыңдар. Сонда сендерге не істегендерің білдіріледі » де.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ей, Мұхаммед! / Сендер / жорықтан / қайта оралып келгендерінде, олар ақталады. / Оларға!: «Ақталмаңдар, біз сендерге бәрібір сенбейміз. Негізінде, сендердің хабарларыңды бізге Аллаһ хабарлап қойды. Аллаһ сендердің амалдарыңды көреді және оның Елшісі де. Содан кейін сендер құпия мен айқын нәрсені Білушіге қайтарыласыңдар, сонда Ол сендерге не істеп өткендеріңнің хабарын береді», - деп.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي