ترجمة سورة العاديات

الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي
ترجمة معاني سورة العاديات باللغة الكازاخية من كتاب الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي .
من تأليف: جمعية خليفة الطاي الخيرية .

Ант етемін, қатты ентігіп шабатын,
әрі / тұяқтарынан / ұшқын шығаратын,
әрі таң ата шабуылдайтын,
онымен бұрқырата шаң көтеретін,
әрі онымен / жаудың / ортасына топ бо­лып кіретіндермен.
Ақиқатында, адам Раббысына шүкірлік етпеуші / Оның берген игіліктерін мойындамаушы / ,
және анығында, ол осыған куә.
Әрі шын мәнінде, ол қайырлы нәрселерді сүюде тым қатты.
Ал, сонда ол білмей ме, қабірдегілер шығарылған кезде,
және көкіректегі нәрселерәшкереленіп, жария болғанда, -
күмәнсіз, ол күні, Раббысының олар жайлы толық Хабардар / екенін /.
Icon