(Рауаят бойынша; олардың базарға барғаны, сауда алғанда Берген ақшасы, көне Дақянұс ақшасы екенін көргендер, бұл қазына тауып алған екен деп ойлап, патша сұрастырғанда: сонау Дақянұс дәуіріндегі қашқандар екенін білген патша; елімен барып сөйлескеннен соң үңгірдегілер өліп, сонда жерленеді. Әл Ытқан, Табари.) Осылайша,Алланың уәдесінің шындығын, қияметтің шәксіздігін әлемнің білуі үшін оларды, бұларға мәлімдедік. Сол кезде бұлар; өзара олар жөнінде тартысуда еді. Кейі: “Олардың үстіне үй салыңдар ” деді. Раббылары оларды жақсы біледі. Ал бұлардың іс басындағылары: “Әрине олардың үстіне мешіт жасап алайық” деді.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Осылай, Аллаһтың уәдесінің шындығын, Сағаттың / қайта тірілудің / шәксіз болатындығын / адамдар / білуі үшін оларды, бұларға кезіктірдік. Сол кезде бұлар өзара олар жөнінде дауласты. Бұлар: «Олардың басына / үңгірдің аузын бекітіп / құрылыс тұрғызыңдар. Оларды Раббысы жақсы біледі»,- деді. Бұл мәселеде үстем келгендер: «Біз олардың басына мешіт саламыз»,- деді.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي