(Ыбырайым Ғ.С.): "Шын мәнінде сендер дүние тіршілігінде өзара достық үшін Алладан өзге бұттар жасап алдыңдар. Сосын қиямет күні бір-біріңе қарсы шығып, бір-біріңді қарғайсыңдар да орындарың тозақ болып, сендерге ешбір жәрдемші болмайды" деді.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ибраһим / :«Негізінде, сендер осы өмірдегі өзара жақсы көрулеріңнен Аллаһтан өзгелерді табынатын нәрсе етіп алдыңдар. Кейін Қайта тірілу күні бір-біріңе қарсы шығып, бір-біріңді қарғайсыңдар. Сендердің баратын орындарың - От әрі сендерге көмекшілер болмайды.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي