Қашан намаз өтеп болсаңдар, Алланы; тұрып, отырып және жатқан бойда еске алыңдар. Қашан тынышталсаңдар, онда намазды толық орындаңдар. Өйткені, намаз мүміндерге белгілі уақытта парыз қылынды.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Қашан намазды орындап болсаңдар, Аллаһты тұрған, отырған және жамбасымен жатқан халде еске алыңдар. Қашан алаңсыз болғандарында, намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындаңдар. Анығында, намаз - имандылар / мүміндер / үшін уақыттары белгіленген парыз.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي