Негізінен ондай аяттарымызға қарсы шыққандарды жедел тозаққа саламыз да, олардың терілері жанған сайын азапты татулары үшін, оны басқа терілерге ауыстырамыз. Шәксіз Алла тым үстем, хикмет иесі.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Күмәнсіз, аяттарымызға күпірлік еткендерді / қарсы шыққандарды, мойындамағандарды / Отта / тозақта / жандырамыз. Олар азапты татулары үшін терілері күйіп піскен сайын, оны басқа теріге алмастырып отырамыз. Анығында, Аллаһ - бәрінен Үстем / ’Азиз / , аса Дана / Хаким /.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي