Мүміндерден себепсіз (соғысқа шықпай) отырушылармен Алла жолында малдары және жандарымен соғысушылар тең емес. Алла (Т.) малдарымен, жандарымен соғысушыларды дәрежеде арттырды. Сондай-ақ барлығына да игілік уәде етті. Және соғысушыларды отырушылардан үстем кеңшілікке бөлеп, ірі сыйлық берді
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Иманға келгендерден себепсіз / соғысқа шықпай / отырушылар мен Аллаһ жолында мал-дүниелері және жандарымен күресушілер тең болмайды. Ал, ауыртпашылықтары / себебі / барлар бұған кірмейді. Аллаһ мал-дүниелері және жандарымен күресушілерді / үйлерінде / отырушылардан дәрежеде артық етті. Аллаһ олардың әрқайсысына жақсылықты уәде етті. Сондай-ақ Аллаһ күресушілерді отырушылардан ұлы сыйда артық етті, -
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي