(Мұхаммед Ғ.С.) егер жақындығы бір пайда, қолайлы сапар болса еді, әрине саған олар ілесер еді. Бірақ оларға машақатты сапар (Тәбүк жолы) өздерін әлекке салады. Алла олардың мүлде суайт екенін біледі.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ей, Мұхаммед! / Егер де жақын бір олжа және жеңіл бір сапар болса, олар / мұнафиқтар / саған ілесер еді. Алайда, оларға сапар қашық көрінді. Олар жақында саған: «Егер де шамамыз келгенде, сендермен бірге шығар едік», - деп Аллаһпен ант ішеді. Сөйтіп олар өздерін өздері құртады. Аллаһ олардың нағыз өтірікші екенін біледі.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي