Оларға өздерінен бұрыңғы Нұх, Ғад, Сәмүд қауымдары және Ыбырайым қауымы және Мәдян елі, ойран болған кенттердің хабары келмеді ме? Соларға пайғамбарлары ашық дәлелдер келтірген. Алла оларға зұлымдық қылмады. Олар өздеріне зұлымдық қылды.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Оларға өздерінен бұрынғы Нұх, Ад жәнеСәмүд елдерінің, Ибраһим елінің, Мәдиян тұрғындарының және ойрандалған елді мекендердің хабары келмеді ме? Елшілер Оларға анық дәлелдермен келген еді. Аллаһ Оларға әділетсіздік жасаған жоқ. Алайда, олар өздеріне-өздері әділетсіздік жасады.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي