Олар: «Айтпадық» деп Алланың атымен ант ішеді. Расында олар қарсылық сөз айтқан болатын. Сондай-ақ олар Мұсылман болғаннан кейін кәпір болды. Тағы олар, бойдары жетпейтін нәрседен ой қылды. (Тәбүк соғысынан қайтқанда мұнафықтар Пайғамбар (Ғ.С.) дың түйесін түнде шұңқырға түсіруге тырысады.) Олар Алланы және Елшісін мәрхаметімен байытқандығы үшін ғана міндейді. (Шүкірсіздік етеді.) Егер олар тәубе қылса, өздері үшін жақсы. Ал егер олар жалтарса, Алла оларды дүние, ахиретте азапқа ұшыратады. Сондай-ақ оларға жер жүзінде не дос не жәрдемші жоқ.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Олар / мұнафиқтар / :«Айтпадық / дінге, Елшіге тіл тигізбедік / » - деп, Аллаһпен ант ішеді. Ал, анығында, олар ислам дініне кіргеннен кейін күпірлік / қарсылық / сөзін айтып, күпірлік етті / діннен шықты /. Сондай-ақ, олар қолдары жете алмағанды көздеген еді.Аллаһ Өз кеңшілігінен байытқанына болмаса, олардың Аллаһ және Оның Елшісіне / басқа / тағар кінәсі болмады. Егер олар істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтса / тәубеге келсе / , өздері үшін жақсы болады. Ал, егер теріс бұрылса, Аллаһ оларды бұл өмірде де және соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / де күйзелтуші азаппен азаптайды. Оларға жер бетінде қамқоршы да, көмек беруші де жоқ.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي