(Мұхаммед Ғ.С.) Кітап иелері сенен көктен бір кітап түсінуіңді сұрайды. Расында олар Мұса (Ғ.С.) дан одан да зорғыны сұраған. Сонда олар: «Алланы бізге ашық көрсет!»,-дегенде, олардың кесірлері себепті нажағай түсті. Сонсоң оларға ашық дәлелдер келгеннен кейін де, олар бұзауды тәңір жасап алды. Сонда соларды да кештік. Сондай-ақ Мұса (Ғ.С.) ға ашық мұғжиза бердік.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ей, Мұхаммед! / Кітап түсірілгендер / иудейлер / сенен аспаннан бір кітап түсіруіңді сұрайды. Негізінде, олар Мұсадан одан да үлкенін сұрап: «Бізге Аллаһты ашық түрде көрсет!» - деген еді. Сонда оларға өздерінің әділетсіздіктері себепті саъиқа тиді. Содан соң өздеріне анық дәлелдер келгеннен кейін де олар бұзауды / табынатын зат етіп / алды. Сонда да Біз бұны кешірдік. Әрі Мұсаға анық бір айғақ бердік.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي