Еркектер; әйелдерді билеуші. Өйткені Алла, бірін- бірінен артық қылды. Сондай-ақ олар; малдарынан да пайдаландырады. (Әйелдерге мәһер, нафақа береді.) Ал енді жақсы әйелдер; бой ұсынушылар, Алла қоруға бұйырған көмескі нәрселерді (абыройын) қорғаушылар. Ал сондай-ақ әйелдердің бас тартуларынан сезіктенсеңдер, сонда оларды насихаттаңдар және оларды төсектеріңде тастап қойыңдар. (Одан болмаса) оларды сабаңдар. Ал егер олар сендерге бой ұсынса, онда олардың зиянына бір жол іздемеңдер. Расында Алла өте жоғары, тым ірі.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ер адамдар әйелдерді - Аллаһ Оларға бір-бірінен артықшылық бергені әрі олар мал-дүниелерінен жұмсауы себепті - басқарады. Ізгі әйелдер - бойсұнушы әрі Аллаһтың қорғауымен / күйеуі / жоқ кезде / аманатты / сақтаушы. Ал, өздерің бағынбауынан қорыққан әйелдеріңе насихат айтыңдар, оларды төсектерінде / бір уақыт! тастап қойындар және оларды / батырмай / ұрыңдар, ал егер бағынса, оларға қарсы жол іздемеңдер. Ақиқатында, Аллаһ - аса Жоғары, өте Үлкен.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي