Әй мүміндер. Аллаға бой ұсынып, Пайғамбарға әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне бой ұсыныңдар. Сонда егер бір нәрсеге талассаңдар, оны Аллаға, пайғамбарға ұсыныңдар: Егер сендер Аллаға, ахирет күніне иман келтірген болсаңдар. Міне осы, хайырлы да нәтижеде жақсы
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ей, иманға келгендер! Аллаһқа бағыныңдар және Елшіге бағыныңдар, сондай-ақ, өз араларыңнан болған билік иелеріне / басшыларға / Аллаһқа және Ақирет күніне сенген болсаңдар, бір нәрсе жөнінде тартысып қалғанда, ол жайында Аллаһқа және Елшіге жүгініңдер. Міне, осы - қайырлы әрі нәтиже тұрғысында да ең жақсысы.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي