Олар: «Бой ұсындық» деп қашан қасыңнан айрылса, олардан бір тобы, түнделетіп сен айтқаннан басқаны кеңеседі. Алла олардың түнгі күңкілдерін жазады. Сондықтан олардан бет бұр да, Аллаға тәуекел ет. Алла (Т.) толық кепіл.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Олар / мұнафиқтар / :«Бойсұндық»,- деп айтады. Ал, қашан сенің қасыңнан кетсе, олардың бір тобы түнделетіп сенің айтқаныңнан басқаны ойластырады. Ал, Аллаһ олардың түнде ойластырғандарын жазады. Сондықтан олардан теріс бұрыл және Аллаһқа жүгініп, Оған ісіңді тапсыр / тәуекел ет /. Сенім артып, Оған ісіңді тапсыруға / тәуекел етуге / Аллаһ жеткілікті.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي