Қашан оларға (мұнафықтарға) аманшылықтан немесе хауіп- қатерден хабар келсе, олар оны жайып жібереді. Егер олар оны, Пайғамбарға не өздерінің іс басындағыларына ұсынса, олардан оның мән- жайын білер еді. Егер сендерге Аланың кеңшілігі, мейірімі болмаса еді, шайтанға ермегендерің өте аз болар еді.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Қашан оларға тыныштық немесе қауіп-қатер жайлы бір іс / хабар / келсе, олар оны жайып, таратып жібереді. Егер де олар оны Елшіге немесе өздерінен болған басшыларға жеткізгенде, олардың ішіндегі іс білетіндері, оның / мән-жайын / білер еді. Егер сендерге Аллаһтың кеңшілігі әрі Оның мейірімі болмағанда, сендердің аздарыңнан басқаларың шайтанға ерген болар едіңдер.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي