(Оларға): «Келіңдер, сендерге Раббыларыңның арам еткендерін оқиын: «Оған еш нәрсені шерік қатпаңдар, әке-шешеге жақсылық істесеңдер, жарлылыктан балаларыңды өлтірмеңдер» де. Сендерді де оларды да біз ризықтандырамыз. «Тағы арсыздықтардың көрнеуіне де көмесіне де жақындамаңдар. Және де Алла арам еткен кісіні өлтірмеңдер, жазықты болса ғана болады. Сендерге осыларды Алла әмір етті. Әрине түсінерсіңдер » (де) (Өлтірілуге тиісті болғандар: Жорта кісі өлтіргендер, мүртәд болып діннен шыққандар және үйлі бола тұрып зина қылғандар.»
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Айт: «Келіңдер, Раббыңыздың сен¬дерге тыйым салған нәрселерін оқып берейін: «Оған ешнәрсені серік етіп қоспаңдар, ата-анаға жақсылық жасаңдар және кедейліктен / қорқып / балаларыңды өлтірмеңдер. Сендерге де, оларға да Біз ризық береміз.Жиіркенішті істерге және оның ашық та,жасырын да түріне жақындамаңдар.Сондай-ақ өлтірілуіне Аллаһ тыйым салған жанды өлтірмеңдер, тек, егер құкықты түрде / заң бойынша / болмаса. Ол мұны сендерге, ақылдарыңды істетіп, ұғынуларың үшін өсиет етіп тапсырды.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي