Егер сендер Пайғамбарға жәрдем етпесеңдер де оны, кәпірлер Меккеден шығарған кезде; үңгірдегі екінің бірі болған сәтте, оған Алла жәрдем еткен. Сол уақытта (Мұхаммед Ғ.С.) жолдасына (Хазірет Әбу бекірге): «Кейіме! Расында Алла бізбен бірге» дегенде, Алла оған тоқтау салды. Сондай-ақ оны, сендер көрмейтін әскерлермен қолдады. Сөйтіп кәпірлердің сөзін төмендетті. Алланың сөзі; жоғары. Алла өте үстем, хикмет иесі.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Егер сендер оған / Елшіге / көмектеспесеңдер, / онда біліңдер, / күпірлік етушілер / Аллаһтың бірлігін мойындамайтындар / оны екеудің екіншісі етіп /Меккеден / шығарған кезде, оған Аллаһ көмектескен еді. Екеуі үңгірде болған кезде, ол жолдасына / Әбу Бәкірге / :«Қайғырма, ақиқатында, Аллаһ бізбен бірге»,- деп айтты. Сонда оның үстінен Аллаһ сакинасын / тыныштық / түсірді және оны сендер көрмеген әскермен / періштелермен / қолдады. Әрі күпірлік етушілердің / Аллаһқа қарсы келгендердің / сөзін ең төменгі етті. Ал, Аллаһтың сөзі, ол — бәрінен де жоғары. Аллаһ - бәрінен Үстем, аса Дана.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي