Шын мәнінде садақалар (зекеттер), Алла тарапынан бір парыз: Қолы тар пақырларға, түгі жоқ міскіндерге, оны жинауға белгілегендерге, көңілдері алынатын (жаңа Мұсылман) дарға, құлды азат етуге, борыштыларға, Алла жолына және жолда қалғандарға беріледі. Алла әр нәрсені білуші, хикмет иесі.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Анығында, садақалар / зекеттер / жоқ-жітікке, кедейлерге және оған / зекетті жинауға / қатысты жұмыс істеушілерге, жүректері бұрылатындарға / ислам дінін жаңа қабылдағандарға / , құлдарды азат етуге, қарызы барларға, Аллаһ жолына және / жолда қалған / жолаушыға, Аллаһ тарапынан / белгіленген / бір парыз ретінде, / осыларға / тән. Аллаһ - бәрін Білуші, аса Дана.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي