ترجمة سورة النّمل

الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي
ترجمة معاني سورة النّمل باللغة الكازاخية من كتاب الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي .
من تأليف: جمعية خليفة الطاي الخيرية .

Та. Син. Бұл - Құранның және анық Кітаптың аяттары,
иманға келгендер үшін жолбасшы / тура жолды ұстануға басшылық / әрі қуанышты хабар.
Олар - намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындайтындар, зекетті беретіндер және соңғы мәңгілік өмірге / ақиретке / айқын сенетіндер.
Анығында, соңғы мәңгілік өмірге / ақиретке / сенбейтіндерге Біз амалдарын әдемі етіп көрсеттік, сөйтіп олар / адасуларында / лағып жүреді.
Міне, солар - азаптың жаманына ұшырайтындар, ал соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / олар бәрінен көп зиян шегеді.
Ей, Мұхаммед! / Шын мәнінде, сен Құранды аса Дана, бәрін Білушіден алудасың.
Кезінде Мұса үй ішіне: «Мен бір от көрдім, сендерге ол жақтан бір хабар немесе жылынуларың үшін тамызық етуге шоқ алып келейін»,- деді.
Ол оған келген кезде: «Отта / нұрда / болғанға және оның айналасындағыға береке болсын. Әлемдердің Раббысы Аллаһ / барлық кемшіліктен / пәк.
Ей, Мұса! Ақиқатында, Мен бәрінен Үстем , аса Дана Аллаһпын.
Таяғыңды таста», - / деп үнделді /. Ол оның жылан тәрізді ирелендегенін көргенде, теріс бұрыла қашты әрі қайрылып қарамады. / Аллаһ айтты / :«Ей, Мұса! Қорықпа, өйткені елшілер Менің алдымда қорықпайды.
Ал, егер кім әділетсіздік жасап, кейін жамандықты жақсылықпен алмастырса, ақиқатында, Мен - өте Кешірімді , ерекше Мейірімдімін.
Қолыңды қойныңа кіргіз, ол зиянсыз аппақ болып шығады. Бүл Фиръаунға және оның еліне / жіберілетін / тоғыз белгінің бірі. Шын мәнінде, олар - бұзық / бойсұнбайтын / ел», - / деді /.
Белгілерімізді оларға көрінетін түрде алып келгенде, олар: «Бұл - анық сиқыр»,- деді.
Олар іштей көздері жетіп тұрса да әділетсіздік етіп әрі менменси өздерін жоғары қойып, оларды / белгілерді / мойындамады. Қара, бұзушы-бүлдірушілердің соңы қалай болды?
Біз Дәуіт пен Сүлейменге білім бердік. Ол екеуі: «Барлық мақтау иманды құлдарының көбісінен бізге артықшылық берген Аллаһқа!» деді.
Сүлеймен Дәуітке мұрагер болды. Ол: «Әй, адамдар! Бізге құстардың тілі үйретілді әрі бізге әрбір нәрседен берілді. Әлбетте, бүл - айқын кеңшілік», -деді.
Әрі Сүлейменнің жындардан, адамдардан және құстардан болған әскерлері топтарға бөлінген түрде / тізіліп / оның алдына жиналды.
Қашан олар құмырсқалар алқабына келгендерінде, бір аналық құмырсқа: «Ей, құмырсқалар! Илеулеріңе / тұрақтарыңа / кіріндер. Сүлеймен және оның әскерлері сендерді байқамай таптап кетпесін!» - деді.
Сонда ол / Сүлеймен / оның сөзіне жымиып күлді де: «Раббым! Сенің маған және ата-анама берген игілігің үшін шүкір етуімді / алғыс білдіруімді / әрі Өзің разы болатын ізгі амалдар істеуімді көкейіме салып, нәсіп ет. Әрі мені Өз мейіріміңмен ізгі құлдарыңның арасына кіргіз», - деді.
Әрі ол / Сүлеймен / құстарды түгендеді де: «Неге бәбісекті / һудһудты / көрмей тұрмын, әлде ол келмей қалғандардан болды ма?
Сөзсіз, мен оны қатты азаппен қинаймын немесе оны бауыздаймын, не ол маған / үзірі үшін / анық бір дәлел келтірсін», - деді.
Сонда ол / бәбісек / көп кешікпей келіп: «Мен сен білмеген бірнәрсені білдім әрі саған Сәба жұртынан бір анық хабар алып келдім.
Ақиқатында Оларға патшалық етіп отырған бір әйелді көрдім. Оған барлық нәрседен берілген және оның орасан үлкен тағы бар.
Мен оның елінің Аллаһқа емес, күнге табынғанын көрдім. Шайтан оларға амалдарын әдемі көрсету арқылы, жолдан бұрған. Олар тура жолмен жүріп келе жатқан жоқ.
Бұл - олардың аспандар мен жердегі жасырын нәрсені әшкерелеуші және сендердің жасырғандарың мен әшкере еткендеріңді білуші Аллаһқа сәжде етпеуі үшін / жасалған /.
Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ. Ол ұлы Аршының Раббысы», - деді.
Ол / Сүлеймен / :«Сенің шындықты айтқаныңды не өтірікшілерден екеніңді көреміз.
Мына хатымды апарып, оларға таста. Кейін бір шетте тұрып, олардың не жауап қайтаратынын байқа»,- деді.
Ол / патша әйел / :«Ей, уәзірлер! Маған бір құрметті хат тасталды.
Ол - Сүлейменнен. Онда: «Бисмилләһир Рахманир Рахим / аса Қайырымды, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын /.
Сендер менің алдыма тәкаппарланбай, бойсұнған күйде келіңдер», деп жазылған», - деді.
Ол: «Ей, уәзірлер! Менің ісіме қатысты кеңес беріңдер. Сендер менімен бірге болмайынша, ешбір мәселені шешкен емеспін», - деді.
Олар: «Біз қуатқа иеміз әрі дайындығымыз күшті. Алайда әмір ету сенің қолыңда. Бізге не бұйыратыныңды өзің қарап көр», - деді.
Ол: «Патшалар бір елді мекенге кірсе, оны қиратады және елдің құрметтілерін қор етеді. Бұлар да осылай істейді.
Мен оларға бір сыйлық жіберіп, елшілердің немен қайтатынын көрейін»,.- деді.
Сүлейменге / олардың елшісі / келгенде, ол: «Сендер маған дүниемен көмек бермекшісіңдер ме? Аллаһтың маған бергені сендердің ұсынғандарыңнан артық. Негізінде сыйлыққа өздерің ғана мәз боласыңдар.
Оларға қайтып бар. Біз олар қарсы тұра алмайтын әскермен барамыз да ол жерден оларды қорланған күйлерінде, бейшара етіп қуып шығарамыз», - деді.
Ол / Сүлеймен / :«Ей, уәзірлер! Олар маған бойсұнып келуден бұрын, оның тағын маған қайсыларың алып келе аласыңдар?» - деді.
Жындардан бір күштісі: «Мен оны саған орныңнан тұрғаныңнан бұрын алып келемін. Бұл іске күшім жетеді әрі сеніп тапсыруға лайықтымын», - деді.
Өзінде Кітаптан білімі болған біреу: «Мен саған оны жанарың өзіңе қайтқанша әкелемін», - деді. Ол / Сүлеймен / оның / тақтың / өзінің алдында орныққанын көргенде: «Бұл- Раббымның кеңшілігі. Шүкір етемін бе / Оның берген игіліктеріне алғыс білдіремін бе / әлде күпірлік етемін бе / шүкіршілік білдірмеймін бе / мені сынау үшін берген. Кім шүкір етсе / Раббысының берген игіліктеріне разы болып, алғыс білдірсе / , өз пайдасы үшін шүкір етеді. Ал кім күпірлік етсе / өзіне берілгенді мойындамаса / , ақиқатында Раббым - бәрінен Бай, мұқтажсыз , аса Жомарт », - деді.
Ол: «Оның тағын, танымайтындай етіп өзгертіңдер. Ол / әйел / жол табар ма екен, әлде тура жолмен жүрмегендерден болар ма екен, көрейік?» - деді.
Ал, ол / патша әйел / келген кезде, оған / оның өзінің тағын сәл өзгертіп / :«Сеніңтағың осындай ма еді?» - деп айтылды. Ол / патша әйел / :«Дәл өзі сияқты», - деді. / Сүлеймен / :«Бізге білім одан / ол әйелден / бұрын берілді және біз мұсылман болдық / бойсұндық / », - деді.
Ал, оны / ол әйелді иманнан / Аллаһтан өзге табынғандары тосқан еді. Анығында, ол кәпір елден болатын.
Оған: «Сарайға кір», - делінді. Ол оны көргенде су деп ойлап, / етегін түріп / балтырын ашты. / Сүлеймен / :«Бұл хрустальдан бір тегіс етіп жасалған сарай», - деді. / Сонда ол / :«Раббым! Ақиқатында мен өзіме-өзім әділетсіз болыппын, мен Сүлейменмен бірге әлемдердің Раббысы Аллаһқа бойсұндым», - деді.
Сәмұд еліне Аллаһқа құлшылық етіңдер деп ағайыны Салихты жібердік. Сонда олар өзара тартысқан екі топқа бөлінді.
Ол: «Әй, елім! Сендер неге жақсылықтан бұрын жамандықты асықтырасыңдар? Өздеріңе рақым етілуі үшін Аллаһтан кешірім сұрамайсыңдар ма?» - деді.
Олар: «Біз сені және сенімен бірге болғандарды жамандықтың нышаны деп есептейміз»,- деді. Ол: «Жаман белгі дегендерің Аллаһтан. Керісінше сендер сынаққа ұшырап жатқан елсіңдер», - деді.
Ал, сол қалада тоғыз кісі бар еді. Олар жер бетінде / елінде / бұзық іс таратып, еш нәрсе түзетпейтін.
Олар: «Бір-біріңе Аллаһпен ант етіңдер, біз, міндетті түрде оған және оның үй-ішіне түнде шабуыл жасаймыз. Содан кейін жақын туыстарына: «Оның үй-ішінің өлтірілуіне қатысқан жоқпыз әрі біз шындықты айтып тұрмыз», деп айтамыз», -деді.
Әрі олар / Салихқа қарсы / айла-шарғы жасады, сонда Біз де амал-тәсіл жасадық, ал олар оны сезбеді.
Олардың айлакерліктерінің соңы не болғанына қара! Біз оларды да, елін де бірге жойып жібердік.
Міне, олардың әділетсіздік еткендіктері себебінен қирап, бос қалған үйлері. Ақиқатында, мұнда білетін адамдар үшін белгі бар.
Біз иманға келіп, тақуалық еткендерді / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандарды / құтқардық.
Сондай-ақ Лұт та өз еліне: «Сендер өздерің көре тұрып, жиіркенішті іс істейсіңдер ме?
Сендер әйелдердің орнына, еркектерге тәни құмарлық / шаһуат / танытасыңдар ма? Иә, сендер- надан елсіңдер», - деді.
Оның елінің жауабы: «Лұттың үй-ішін кенттеріңнен шығарып жіберіңдер. Өйткені олар таза болуды қалайтын адамдар», - дегеннен басқа сөз болмады.
Сонда Біз оны және үй-ішін құтқардық, тек әйелінен басқа. Оның артта қалушылардан болуын алдын ала белгіледік.
Сөйтіп, Біз олардың үстіне тастан жаңбыр жаудырдық. Ескерту берілгендердің жаңбыры қандай жаман!
Айт: «Барлық мақтау Аллаһқа! Әрі Оның таңдаған құлдарына сәлам / амандық / болсын! Аллаһ жақсы ма, не сендердің Оған серік етіп қосқандарың ба?»- деп.
Серік етіп қосқандарың ба,! әлде аспандарды және жерді жаратқан және сендерге аспаннан су түсірген бе? Біз онымен әдемі бақтарды өсірдік, сендер оның ағашын өсіре алмайтын едіндер. Аллаһпен бірге басқа құдай бар ма?! Негізінде, олар / Аллаһқа өзгелерді! теңестіріп, қатар қоюшы ел.
Серік етіп қосқандарың ба / , әлде жерді тұрақ еткен, оның жылғаларымен / ара-арасынан / өзендер өткізген және оған / жерге / берік тұрғандарды / тауларды / орналастырған әрі екі теңіздің арасына / көрінбейтін / тосық орнатқан ба? Аллаһпен бірге басқа құдай бар ма? Негізінде олардың көбі білмейді.
Әлде қиыншылыққа тап болып Одан тілегенде, оған жауап беретін / тілегін қабыл алатын / , жамандықты кетіретін және сендерді жерге халифалар / бір-бірінің орнын басушылар / жасаған ба, / әлде серік етіп қосқандарың жақсы ма / ? Аллаһпен бірге басқа құдай бар ма? Сендер аз еске аласыңдар.
Әлде құрлық пен теңіз қараңғылықтарында сендерді жолмен жүргізетін және желдерді Өз мейірімінің алдында қуанышты хабар етіп жіберетін бе?! Аллаһпен бірге басқа құдай бар ма? Аллаһ олардың серік етіп қосқандарынан жоғары.
Әлде алғаш жаратуды бастайтын, кейін оны / қайта тірілу күні / қайта жарататын әрі сендерге аспаннан және жерден ризық беретін бе? Аллаһпен бірге басқа құдай бар ма? / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Шын сөзді болсаңдар, дәлелдеріңді әкеліңдер»,- деп.
Айт: «Аспандарда және жерде Аллаһтан басқа ешкім де ғайыпты білмейді», - деп. Әрі олар қашан қайта тірілтілетіндіктерін де білмейді.
Дәл солай, олардың соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / жайлы білімі жеткіліксіз. Иә, олар одан күмәнда. Солай, олар ол жөнінде мүлде соқыр.
Әрі күпірлік еткендер / қайта тірілуге сенбегендер / :«Біз және аталарымыз топыраққа айналғанымызда, / қайта тірілтіліп / шығарыламыз ба?
Бұл бізге және аталарымызға бұрын да уәде етілген еді. Бұл - бұрынғылардың аңыз-ертегілері ғана»,- деді.
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Жер жүзін аралап, қылмыскерлердің соңы қалай болғанын көріңдер?» - деп.
Әрі олар үшін күйінбе және олардың айла-шарғыларынан сығылма.
Олар және: «Егер шын сөзді болсаңдар, бұл уәде / жаза / қашан?» - дейді.
Айт: «Өздерің асықтырғанның кейбірі сендерді өкшелеп тұрған болуы мүмкін»,- деп.
Ақиқатында, Раббың адамдарға кеңшілік иесі, бірақ олардың көбі шүкір етпейді / Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдірмейді / ,
Әрі сенің Раббың олардың көкіректерінің не жасыратынын және олардың нені әшкере ететінін де біледі.
Аспанда және жерде анық Кітапта / жазулы / болмаған ешбір ғайып / жасырын нәрсе / ЖОҚ.
Ақиқатында, бұл Құран Исраил ұрпақтарына олар қайшылыққа түскен нәрселердің көбі жайлы хабар береді.
Күмәнсіз, бұл / Құран / - имандылар үшін жолбасшы / тура жолды ұстануға басшылық / 2т әрі мейірім.
Ей, Мұхаммед! / Раббың олардың арасына Өз үкімі бойынша шешім шығарады. Ол бәрінен Үстем, бәрін Білуші.
Аллаһқа жүгініп, Оған ісіңді тапсыр / тәуекел ет /. Сөзсіз, сен анық ақиқатты ұстанудасың.
Ақиқатында, сен өлгендерге естірте алмайсың, сондай-ақ кереңдерге де, олар кері бұрылып кеткенде шақыруыңды естірте алмайсың.
Сондай-ақ сен соқырларды да адасуларынан тура жолға салушы емессің. Сен тек аяттарымызға сеніп, мұсылман болғандарға / бойсұнғандарға / ғана естірте аласың.
Ал, оларға / қияметтің алдында белгіленген / сөз түскен кезде, олар үшін жерден бір жануар / даббатул-ард / шығарамыз. Ол адамдардың аят-белгілерімізге сенбегендіктерін айтады.
Әрі ол күні Біз әрбір үмметтен аят-белгілерімізді өтірікке шығарған топты жинаймыз. Олар тосылып тоқтатылады.
Олар келген кезде, Ол: «Сендер белгілерімді біліммен қамтымай тұрыпжалған санадыңдар ма? Әлде не істедіңдер?» - дейді.
Әрі оларға әділетсіздік еткендіктері үшін / жаза туралы / сөз келді, енді олар үндей алмайды.
Біз түнді оларға тынығу үшін, ал күндізді жарық етіп жасағанымызды көрмеді ме? Ақиқатында, Мұнда сенетін адамдар үшін белгі-ғибраттар бар.
Әрі сол күні Сүр үрілгенде, Аллаһтың қалағанынан басқа, аспандардағы және жердегі әрбіреу қатты үрейге түседі. Әрі барлығы Оған бойсұнып, кішірейген күйде келеді.
Әрі сен қозғалмайды деп ойлаған таулардың бұлттар секілді қозғалып бара жатқанын көресің. Бұл - барлық нәрсені кемел етіп жасаған Аллаһтың ісі. Ол сендердің не істеп жатқандарыңнан толық Хабардар.
Кім жақсы амалымен келсе, оған одан қайырлысы беріледі әрі олар сол күннің үрейінен аман болады.
Ал, кім жаман амалмен келсе, олар отқа беттерімен тасталады да: «Сендерге істеген амалдарыңның ғана қайтарымы берілмей ме?» - / делінеді /.
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Шын мәнінде, мен / қан төгуге, әділетсіздік істеуге, аң аулауға, ағаштарды кесуге / тыйым салған осы қаланың / Меккенің / Раббысына құлшылық етуге бұйырылдым. Әрбір нәрсе- Онікі. Әрі мен мұсылмандардан / бойсұнушылардан / болуға бұйырылдым,
сондай-ақ Құранды оқуға», - деп. Кім тура жолмен жүрсе, ол өзі үшін тура жол­мен жүрген болады. Ал, кім адасса, оған: «Анығында, мен тек ескертушілерденмін», -де.
Әрі айт: «Барлық мақтау Аллаһқа! Ол сендерге Өзінің белгілерін көрсетеді. Сендер оларды танисыңдар», - деп. Раббың не істеп жатқандарыңнан ғапыл емес.
Icon