Сендерге аналарың, (әке-шешелеріңнің аналары) қыздарың, (Ұл-қыздарыңның қыздары,) қыз туыстарың, (әке-шеше бір не бөлек,) әкелеріңмен туысқан әйелдер, шешелеріңмен туысқан әйелдер, еркек және қыз туыстарыңның қыздары, (олардың қыздары,) сүт емізген аналарың, еміскен қыз туыстарың, қайын аналарың, жақындасқан әйелдеріңнің (бұрыңғы ерінен болған) қолдарыңдағы өгей қыздарың, егер ол әйелдерге жақындаспаған болсаңдар, сендерге бір оқасы жоқ. Бел балаларыңның әйелдері және екі қыз туысты бірге үйленулерің арам қылынды. Бірақ өткен өтті. Негізінен Алла (Т.) тым жарылқаушы ерекше мейірімді.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Сендерге аналарыңа, қыздарыңа, әпке-қарындастарыңа, әкелеріңмен бір туған әйелдерге, шешелеріңмен бір туған әйелдерге, бір туған бауырларыңның қыздарына, бір туған әпке-қарындастарыңның қыздарына, өздеріңді емізген сүт аналарыңа, бір еміскен сүт бауыр әпке-қарындастарыңа, әйелдеріңнің аналарына, үйленіп жақындасқан әйелдеріңнің / бұрынғы күйеуінен болған / қолдарыңдағы өгей қыздарыңа үйлену - тыйым салынды. Егер ол әйелдерге жақындаспаған болсаңдар, сендерге күнә жоқ. Әрі туған балаларыңның әйелдеріне және әпке-сіңліліге қатар үйленулеріңе тыйым салынды. Бірақ бұрын өткені өтті. Ақиқатында, Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي