Әй мүміндер! Алла жолында (соғысқа) шықсаңдар, өте анықтаңдар. Сәлем бергенді дүние- мүлікке қызығып: «Мүмін емессің» демеңдер. Өйткені Алланың қасында көптеген олжалар бар. Бұрын сендер де сондай едіңдер. Алла (Т.) сендерге қамқорлық етті. Сондықтан өте- мөте анықтаңдар. Шәксіз Алла істеген істеріңді біледі.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ей, иманға келгендер! Қашан Аллаһ жолына / жорыққа / шықсаңдар, анықтап алыңдар. Сендерге / исламның / сәлемдесу сөзін айтқан біреуге осы өмірдің бұйымы үшін: «Сен иманды адам / мүмін / емессің»,- демеңдер. Анығында, Аллаһта мол олжа / табыс / бар. Бұрын сендер де сондай болған едіңдер. Бірақ Аллаһ сендерге игілік жасады, ендеше анықтап алыңдар. Ақиқатында, Аллаһ - не істеп жатқандарыңнан Хабардар.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي