Сенен бұрын да кенттердің халқынан өздеріне уақи етіп, еркектерді ғана жібердік. Ал енді олар өздерінен бұрыңғылардың соңының не болғанын жер жүзін кезіп көрмей ме? Әрине ақирет жұрты тақуалар үшін хайырлы, түсінбейсіңдер ме?
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ей, Мұхаммед! / Сенен бұрын да, Біз тек елді мекен тұрғындарынан болған ер адамдарға уахи түсіріп, жібердік. Ал, енді олар жер бетінде жүріп, өздерінен бұрынғылардың соңының не болғанына назар салмай ма? Шын мәнінде, соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / жұрты тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанатындар / үшін қайырлы. Ақылдарыңды істетіп, ұғынбайсыңдар ма?
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي