Олар: “Егер бұл ұрлық қылса, әрине туысы да бұрын ұрлық қылған болатын” деді. Сонда Юсып (Ғ.С.) ол сөзді жүрегінде сақтап, оларға әшкерелемеді. (Ішінен): “Сендер тағы жаман орындасыңдар. Алла айтқандарыңды жақсы біледі” деді.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ағалары: / «Егер ол ұрласа, ілгеріде оның бауыры да ұрлық жасаған еді», деді. Сонда Йусуф бұны көңілінде жасырып, оларға жарияламай / ішінен / :«Сендердің орындарың бұдан да жаман. Аллаһ айтып тұрғандарыңды жақсы Білуші», деді.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي