Әй адам баласы! Егер өлгеннен кейін тірілуден күдіктенсеңдер, әрине біз сендерді топырақтан сонан соң жыныстық тамшыдан, кейін үйыған қаннан тағы бейнеленген, бейнеленбеген кесек еттен өздеріңе тектеріңді білдіру үшін жараттық. Сондай-ақ жатырларда қалаған мерзімге дейін қойып қоямыз. Соңында бөбек ттрінде шығарамыз. Одан кейін ержетесіңдер. Кейбіреулерің қайтыс болып, кейбіреулерің әр нәрсені білгеннен кейін түк білмейтін өмірдің ең нашарына қайтарыласыңдар. Қураған жерді көресің. Оған жаңбыр жаудырсақ, құлпырып, көпсіді де әр түрлі көркем өсімдік өндірді.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ей, адамдар! Егер қайта тірілуге күмәнда болсаңдар, күмәнсіз Біз сендерге баяндап түсіндіру үшін, сендерді / Адам атаны / топырақтан, кейін / оның ұрпағын / тамшы судан / ұрық суынан / , содан кейін ұйыған қаннан, содан соң жаратылуы кескінделген не кескінделмеген / шайналған секілді / еттен жараттық. Әрі Біз қалағанымызды жатырларда белгіленген мерзімге дейін орналастырамыз. Содан соң сендерді ержетулерің үшін нәресте күйлеріңде шығарамыз. Сендерден / кейбірің / қайтыс болып және / кейбірің / білгенінен кейін еш нәрсені білмей қалатын / дәрежедегі / өмірдің ең нашарына / қаусағанкәрілікке / 1778 қайтарылатындар бар. Сен жерді қуарған, тіршіліксіз күйде көресің. Ал, қашан оған су түсіргенімізде, / тіршілік бітіп / ол қопсып, көтеріліп, әрбір түрден көркем етіп / өнім / өсіреді.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي